Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:28, 31 Қазан 2022

Жасыл энергия – көп мүмкіндікке жол ашады

None
None

«Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша елімізде энергия тиімді саясаты мен экологияны қорғауға қатысты бірнеше жұмыстар атқарылып келеді.

Соның бірі энергияны тиімді пайдалануға қатысты  жасыл энергия күнжүйесі бірқатар шаруашылықтарда іске қосылды. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы Асар шаруашылығының бастамасымен энергия көзі қосылды. Қазір өңірдің шарашылықтары  жаңа технологияны жетік меңгеріп қолдануда.  Сондай-ақ Маңғыстау облысында «Жасыл энергетиканың» құрылуы жоспарға ілікті. Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Hyrasia one  компаниясы арасында Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында орналасатын жаңартылған энергия мен жасыл сутегін өндірумен бөлу орталықтарын құру жобасы бойынша инвестициялар жайында келісімшарттарға қол қойылды.

Ал өзге де өңірлердегі «Жасыл энергияға» аясында атқарылып жатқан жұмыстарға келсек, жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлерін аралап, «жасыл сутегін» өндіружәне тарату орталықтарының жобаларымен танысты. Соның ішінде Түркістан облысы мен Маңғыстау облыстарында «жасыл» сутегін өндіру жобалары бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Ел президенті мен Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельге  «Ақорда» резиденциясында «жасыл сутегін өндіру және тарату орталықтарын құруға қатысты жобалар бойынша таныстырылым өткізілді. Жоба бойынша инвестор Sveving group компаниясы Маңғыстау облысында энергия қуаты жылына екі миллион тонна болатын жасыл сутегі жобсын өндіріп, тәулігіне екі жүз елу бес мың текше метр су тұшытатын қуатты қондырғы мен 40 гигабайт жаңартылатын энергия стансаларын оның ішінде (жел, күн) және экспортқа шығатын әріішкі нарықта тұтынуға арналған жиырма гигабайттық су электролизі өндірісін салу  мен пайдалану көзделіп отыр.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс кезеңінде шамамен үш жарым мың нысандарды кезең-кезеңімен іске қосуға арналған мың сегіз жүзге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылуы мүмкін екені айтылды.  Сонымен қатар Маңғыстау облысында  маман даярлауға арналған Германия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық орнату қарастырылды. Сондай-ақ  инвесторлардың есебінен инфрақұрылымдарды салу мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әлеуметтік міндеттемелер төлеу жоспарға алынды.

Ал табиғаттағы жан-жануарлар мен құстардың қауіпсіздігіе қатысты елімізде биыл «Биоәртүрлілікті зерттеу мен сақтау орталығы» ҚҚ халықаралық Ecosystwem Partnership Fund қолдауымен «Қазақстандағы үнді-палеарктикалық миграциялық ұшу жолында құстардың  жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу» жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба 2022-2024 жылдарға арналған Earth Island institute пен ресейлік қауырсынды жыртқыштарды зерттеу және қорғау желісімен бірлесіп жүзеге асады.

Сондай-ақ жобаға сәйкес, электр энергетикалық инфрақұрылым нысандарынан нысандарынан осы түрлерге төнетін қауіп-қатрлердіі зерттеу саналады. Сонымен қатар жоба аясында барлық мүдделі тарап құстарға әсер ететін білім мен экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту арқылы жыртқыш құстардың бірнеше негізгі түрлерін (Қарақұс, Дала қыраны және Жұртшы) сақтай алады. Жоба текаузыша-жазбаша өткізіліп қана қоймай, барлық мүдделі тараптармен белсенді өзара әрекеттесу және халықты мерзімді түрде хабардар ету жоспарланған.

Жасыл энергия аясында жасалынып жатқан жұмыстар еліміздің экологиясын жақсартуға да біршама жағдайлар жасап келеді.

Жалпы жасыл энергия, жасыл энергетиканың әлеуметтік әділет пен елдер мен адамдар арасындағы экономикалық теңсіздік байланысы  аса күрделі және толыққанды талдауды қажет ететін мәселелердң бірі саналады. Сол себептен, атмосферадағы парник газдар концентрациясының артуынынң  салдарынан климаттар өзгеріп, ластаныуының әсерінен дүниежүзі бойынша елдер  жасыл энергетикаға көшіп жатыр. Осы орайда, Қазақстанда да  экологиямызыды жақсарту мақсатында жасыл энергияға көшірілу міндеттемелері жүктелді. Қазіргі таңда елімізде қазба отынға тәуелділігі қоғамда бар теңсіздікті одан бетер ұлғайта түсуге көп күш жұмсалуда.

Сол себептен елімізде жасыл энергетикаға қатысты көптеген кәсіпорындар ашылып, қазақстандықтардың жұмысқа орналуларына көптеген мүмкіндіктер жасалынуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы  Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова «Қазіргі таңда қолға алынып жатқан жасыл энергетикаға қатысты жұмыстар мен жобаларды іске асырудың нәтижесінде жобаларға жұмысшылар көптеп тартылады. Мәселен, елу МБ-тық күн жел стансасы жобасының салынуы барысында  жобаны іске асыруға үш жүзге дейін құрылысшы тартылады деп жоспарлануда. Содан кейін, яғни, жоба салынып, аяқталған соң, қызметкерлер саны оннан отызға дейін болады. Ал құрылыс кезінде жұмыс жасайтын жалпы үш жүз құрылысшының басым бөлігі –  қазақстандықтар саналады. Сондай-ақ аяқталғаннан кейін құрылыстағы осы адамдар күзетке, нысанды сүйемелдеуге тартылады. Нақтысын айтқанда, жақын маңдағы кенттердің жергілікті тұрғындары жұмыс жасайды. Оның себебі,  ірі қалалардан алшақ жатқан өңірлер болғандықтан, бұл жерлерде құрылатын әрбір жұмыс орнының маңызы үлкен» дейді.

Тегтер: