Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:35, 23 Ақпан 2023

«Жасыл Қазақстан»: кедейшілікті жеңуге нық қадам

None
None

Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, «Жасыл экономиканы» жетілдіру  кедейшілікті жеңуге мүмкіндік беретін дүние.

Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметі бойынша, Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы және дамыған елдерде теңсіздік пен кедейлік артып келеді. Ал енді осы тұста жасыл экономикаға көшу көмекке келуі әбден мүмкін.

Бұл туралы отандық ғалымдардың да айтары бар. «Экономика және құқық» институтының маманы Жандос Белгібаев былай дейді:

— Жақында қабылданған бірқатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша құжаттар жасыл экономиканы қалыптастырудың негізгі мақсаттарына арналған. Мұнда кем дегенде төрт негізгі басымдықты бөліп көрсетуге болады. Бірінші маңызды мәселе – экожүйені және биоәртүрлілікті сақтау. Қазір дүниежүзіндегі экожүйелердің 60 пайызға жуығы деградацияға ұшырады. Жер шөлейттеніп, ормандар өрттен зардап шегіп, ауыз су азайып барады. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының деңгейіне айқын әсер етіп, әлемнің орасан зор бөліктерінде үлкен проблемалар туындап жатыр. Халықтың сусыз және тамақсыз өмір сүруі, дамуы өте қиын. Сондықтан осы арада жасыл экономикаға өту өте орынды ойластырылған жоба.

Маманның пайымдауынша, біз «Жасыл Қазақстан» жобасын уақытысында қолға алып отырмыз.

— Жасыл экономика туралы айтатын болсақ біз «Жасыл Қазақстан» жобасын дер кезінде тетікке қостық. Мысалы, Нидерландыда, Швецияда және АҚШ-та эко-бағдарланған экономика арқылы көп нәрсе жасап жатқанын жиі естиміз. Қазір климаттық өзгерістерге байланысты Қытай, Үндістан және Ресей елдері де жасыл экономиканы арттыруға күш салып жатқан тұс. Сондықтан біз үшін табиғи капиталға, ең алдымен энергетикалық ресурстарды дамытуға мән беру өте өзекті. Бұл жоба арқылы жұмыс орындарын көбейтіп, экономиканы әртараптандыруға үлкен мүмкіндіктер ашылады, – дейді экономист-ғалым Жандос Белгібаев.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, болашақта күн мен желден энергия алу, энергияны тұтыну тәрізді жайттарды да жасыл экономика бағытымен дамыту оңтайлы болмақ. Бұл ретте Германияны мысалға алсақ, Германияда күндізгі уақытта тұтынылатын энергияның жартысы күн мен жел энергиясынан алынады. Мұндай үрдіс Америкада да, Жапонияда да, Австралияда да, әсіресе жасыл экономика саласындағы жетекші елдердің бірі саналатын Оңтүстік Кореяда да дамыған. Дәстүрлі отынды тұтынуды тоқтатудың дәл осындай тенденциялары энергия тапшылығы мәселесін де, климат мәселесін де шешуге көмектеседі. Бұл жаһандық климатқа да кері әсерді азайтуға экологияның жақсаруына түрткі болады. «Сондықтан болашақта «Жасыл Қазақстан» жобасы аясында жасыл экономиканы дамыту, кедейшілікті жеңуге нық қадам болмақ», – дейді сала мамандары.

Тегтер: