Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:17, 11 Сәуір 2022

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына қандай бағыттар енгізілген?

None
None

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірледі, ол 2021 жылғы 12 қазанда ҚР Үкіметінің отырысында қабылданды және бекітілді.

Жобаның мақсаты халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады, оның ішінде: атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофауналардың санын ұлғайту арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау. сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл желектер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғыртуға баулу.

Ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қамтиды. «Таза Қазақстан» деп аталатын бірінші бағыты атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Бағыт шеңберінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 5 жыл ішінде 20% — ға қысқарту болжанып отыр. Бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер орнату, ҚТҚ үлесі мен кәдеге жаратуды 18% — дан 34% — ға дейін арттыру жоспарлануда. Су объектілерінің экожүйелерін сақтау бөлігінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші фазасын іске асыру жоспарлануда. Балқаш көлінің бассейніндегі өзендердің сулылығы мен өткізу қабілетін арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. Бұл ретте, ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес. Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту болжанып отыр. Мысалы, АрселорМиттал Теміртау шығарындыларды 54%-ға азайту бойынша міндеттемелер алды. Тағы бір негізгі проблема – қалдықтардың шамадан тыс жинақталуы. Осыған байланысты қалдықтарды тұрақты басқару бөлігінде «Waste-to-Energy» технологиясы бойынша энергия алумен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу сияқты іс-шаралар есебінен тұрмыстық қатты қалдықтардың үлесін және оларды кәдеге жаратуды 18%-дан 34%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұдан басқа, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер, сондай-ақ дәріханаларда медициналық қалдықтарға арналған экобокстар орнату жоспарда бар. Тұйық циклді экономиканы дамыту шеңберінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинауға арналған алаңдар құру жоспарланып отыр.

Екінші бағыт бойынша суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру міндеті шеңберінде 401 арнаны реконструкциялау және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су шығынын 4 км3 қысқарту жоспарлануда. Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту бойынша іс-шаралар көзделген. Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жинақтау көлемі 1,7 км3 болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Су ресурстарын басқаруды жақсарту және су тапшылығына жол бермеу жөніндегі шаралар көзделген. Осы бағыт шеңберіндегі екінші міндет – өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарын жаңғырту және бюджет секторындағы жарықтандыруды жаңғырту есебінен энергия тиімділігін, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласында арттыру.

Бүгінде бүкіл әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығының деңгейі бірінші кезекте энергия үнемдеу саласындағы қазіргі жағдайды сипаттайды. Деректер көрсетіп отырғандай, Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары деңгейге ие. Осыған байланысты ұлттық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде энергия ресурстарына ұқыпты қарау және энергия тиімділігін арттыру мәселесі негізгі міндеттердің біріне жатады. Осыны ескере отырып, ұлттық жоба шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бюджеттік ұйымдарда энергия тұтынуды азайту, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында энергия тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

«Табиғат» бағыты шеңберінде Мемлекет басшысының өмір сүру деңгейі 65%-дан кем емес 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу көзделеді. Мемлекет басшысы бұған дейін алдағы 5 жылдың көлемінде орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге, жергілікті қазынадан 60 миллиард теңге бөлінбек. Былтыр 81,5 миллион түп ағаш егілген. Яғни жыл сайын нуы селдір аймақтар жасыл желекке орана түседі. Кішкентай өсіндер отырғызылғанға дейін 4 кезеңнен өтеді. Ал, алқапқа отырғызылған соң 25-30 метр биіктікке дейін өседі. Бір қарағанда ағаш отырғызу тым оңай жұмыс сияқты. Алайда, жасыл желекті алқапқа отырғызғанға дейін арнайы селециялық орталықта зерттеліп, күтіп бапталады. Бұндай ғылыми орталық еліміздің әр өңірінде бар. Жалпы бұл жұмыстарға жауапты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, еліміздің орман қорына 2025 жылға дейін 642 милионнан астам ағаш қосылады. Ең көп отырғызылатыны сексеуіл. Елімізде мамандар Бурабай ұлттық паркі мен Щучье орманына көктерек отырғызу жұмыстарын бастап кеткен. Себебі, бұл ағаш тозаңға төзімді, әрі жылдам өседі. Еліміздің нуы сирек жерлеріне көбінде майқарағай, терек, шырша және балқарағай ағаштары отырғызылмақ. Көктемде ашық алқапқа отырғызылған ағаштарға қазір орманшылар күтім жасап жатыр. Былтыр Бурабай ұлттық паркінде 65 гектар жерде қарағай көшеттері отырғызылды. Ондағы сапалы тұқым жинау мен өңдеу, топырақ дайындау, көшеттерді 2-3 жылға дейін күту кезеңін арнайы мамандар бақылайды. ҚР Экология министрлігі бес жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Жоба басталғалы 81,5 млн ағаш егілді. Былтыр күзде тағы 48,2 млн ағаш отырғызылған.  Отырғызу көлемі жыл сайын 2021 жылғы 129,7 млн ағаштан 2025 жылы 642,8 млн ағашқа дейін ұлғаятын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін министрліктің барлық облыс пен ведомстволық бағынысты мекемесінде ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспарлары бекітілді. Оларды әзірлеу кезінде қолданыстағы питомниктердің және көшет өсіретін ұйымдардың мүмкіндігіне талдау жасалды. Өңірлерде отырғызылатын материал жеткіліксіз болса, жоспарлы питомниктерді кеңейту және уақытша питомниктер құру көзделген. Сондай-ақ орман дақылдарының тұқымын жинау көрсеткіші де ескерілді. Жобаға 200-ден астам орман питомнигі мен басқа да ұйымдар қатысады. Бүгінгі таңда Қазақстанда орман дақылдарының көшетін көбейту мен өсіруді жүзеге асыратын 44 тұрақты және 158 уақытша питомник пен ұйым жұмыс істейді. Олардың қорында қарағай, шырша, балқарағай, қайың, шегіршін, сексеуіл, үйеңкі, шаған, емен және басқа да ағаш түрлерінің 1-3 жастағы 165,5 млн дана көшеті бар. Бәрі — отандық өнімдер. Айта кетейік, жоба аясында  шамамен 610 мың дана сексеуіл, 555 мыңнан астам қарағай. 193 мыңнан астам үйеңкі,  132 мыңнан астам шегіршін, 100 мыңнан астам қайың және басқа да ағаш түрлерін отырғызу жоспарланған.

Экожүйелердің орнықты дамуы үшін, әлемдік тәжірибе бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ЕҚТА үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжанып отыр. «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватта қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделеді. Ол үшін азық базасын құру үшін биотехникалық іс-шаралар жүргізу, интродукциялау және реинтродукциялау бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, сақтау орталықтарын және басқа да жобаларды құру көзделеді. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар көзделген. Орнықты даму қоғамын құруға көп көңіл бөлінуі тиіс. Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады, өйткені барлық табиғат қорғау және эко-сақтау іс-шаралары мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуі тиіс. «Қазіргі уақытта осы саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындап отыр. Онсыз Ұлттық жобаның басқа да іс-шаралары азаматтардан қолдау мен түсіністік таба алмайды», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

«Экология болашағы» атты төртінші бағыт халықтың экоқұрылымы мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

«Экология болашағы» бағыты, Қазақстанда экологиялық білім беруді енгізу туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

Орнықты даму қоғамын құруға көп көңіл бөлінуге тиіс. Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады, өйткені барлық табиғат қорғау және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары мен саясаты, бірінші кезекте, экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуге тиіс. Қазіргі уақытта бұл саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындайды, онсыз ұлттық жобаның басқа да іс-шаралары азаматтардан қолдау мен түсіністік таба алмайды.

Осы бағытта 2 міндет қойылған: біріншіден, бұл экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Орта мектептің 6-сынып бағдарламасына «Экология» таңдау бойынша жаңа курсты енгізу және экологиялық ағарту орталықтары желісін (экостанциялар, үйірмелер және т.б.) құру жоспарлануда. Екінші бағыт бойынша, бұл эко-бағдарланған ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Экологиялық білім беру жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, «Birge-taza Qazaqstan»экологиялық акциясын өткізу сияқты іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тегтер: