Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:37, 11 Тамыз 2020

Жау жоқ деме...

     Коронавирус індеті талай өзектімәселені шешуді кейінге қалдырды. Бірінші орынға адам өмірі шықты.

Алайдакезегін күттірмейтін мәселелер ерте ме, кеш пе, күн тәртібіне қойылатыныанық.  Бұл мақала «Ресей мемлекетітәуелсіз республикалар территориясының бір пұшпағын тартып алғалы жатыр» дегентұжырым емес немесе «атымызды ерттеп, қаруымызды сайлайық» деген аттан да емес,соңғы уақытта сыртқы саясаты, оның ішінде көршілеріне деген пиғылы өзгеріп баражатқан ұлы империялық орыс шовинизмін қайтадан ту етіп көтеріп отырған құдайқосқан көршімізге деген алаңдаушылық көзқарас.

*  * *

     «Көршілеріне деген пиғылыөзгеріп бара жатқан» деген пікірім тым сыпайы, жұмсақ сияқты. Кеңестік жүйеніңкелмеске кететіні анық көрініп, республикалар Одақтан шыға бастағанда-ақ Ресейорыстар басым қоныстанған аймақтарда сепаратистік қозғалыстар ұйымдастырып,«орыс жерін» жинай бастағаны белгілі. Ол қозғалыстардың кейбірі Ресейдің қарулыкүштерінің арқасында мақсаттарына жетіп (Молдовадағы «Приднестровьемемлекеті»), тәуелсіз елдің ішінен ешбір мемлекет, халықаралық қоғамдастықтармойындамаған «жаңа мемлекет» пайда болса, кейбіреулері жергілікті тұрғындардың табандықарсылығына тап болып, өшіп қалған.

      1991 жылы Шығыс Қазақстаноблысының бірнеше ауданы Қазақстаннан бөліну туралы қаулы қабылдап, бұл талаптыоблыстық мәслихат алдына қойғанын біреу білсе, біреу білмейді. Осы бір қауіптіжағдайда «Азат» қозғалысының ұйымдастыруымен «Ұлттар ассамблеясы» өмірге келіп,қазақ жерін мекендеген өзге ұлт өкілдерінің белсенді іс-әрекеттерінің арқасында «Донбасс варианты» жүзеге аспай қалған(Қазақстан халқы ассамблеясының алғашқы нұсқасын ұлтшылдардың ұйымдастырғаныжәне ол ассамблеяның қазақ халқының құндылықтары үшін күрескені қазір ұмытболған сияқты). Дәл осы жылы Орал казактары мен «Азат» қозғалысының арасындағыбейбіт қақтығыс кезінде орыстың әсіреұлтшыл генералы Макашов басқаратынПривольжие әскери округінің қарулы күштері қазақ шекарасына таяп келді дегенақпараттар да бар.

      Кеңес Одағы толық тарап,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылған уақытта бұрынғы кеңестік кезеңдегіреспубликалардың территориялары мен шекаралары сол қалпында толық сақталады дегеншешім қабылданғаны  белгілі. Бірақ Ресей2008 жылы Грузияға басқыншылық соғыс аша отырып, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны бөліпшығарса, алты жылдан соң Қырымды басып алып, Донбасс пен Луганскіде Новоросссиямемлекетін құруға күш салуда. Қазір тағы алты жыл өтті. Келесі кезек қай елдікі?

     Меніңше, Путин: «СоветОдағын құру туралы келісімде одан шығу құқығы да жазылған. Бірақ оның нақтыпроцедурасы жоқ болғандықтан, мынадай мәселе туады: қандай да бір республикаСовет Одағының құрамына кіреді, сөйтіп, Ресейдің ірі көлемде дәстүрлі-тарихиаумағын алады. Сөйтеді де, бір күні Одақтан шығуға шешім қабылдайды. Олайболса, орыс халқының сыйлығын қоса әкетпей, немен келдің, сонымен шығуың керекқой», – деген сөзіменРесейдің сыртқы саясатының басты бағытын ешқандай бүкпесіз, нақты да ашықкөрсетіп берді.

    Оны біреулер «Конституцияда Кеңес өкіметінен шығудың реттелмегенінкөрсетті» деп түсіндірсе, енді біреулер «бұл Украинаға ғана бағытталған сөз»деп жақауратты. Тағы бір тарап «Қазақстан тәуелсіздігін Ресейдің өзінен кейінжариялаған жоқ па? Сондықтан «орыс халқының сыйлығын қоса әкету» деген сөздіңбізге қатысы жоқ» дейді. Әңгіме Путин айтқан сөйлемнің ішіндегі сөз тіркестерімен сөйлем құрамында емес, оның бағытында және жоспарлы түрде айтылуында жатыр.Егер тарихқа үңілсек, дәл осындай пікір нақты әрекеттің алғашқы қадамы болыпшығады. Бұл жерде Германияның 1938 жылы Чехословакиядан неміс ұлты тұратынСудет облысын тартып алғанын есімізге түсірсек те жеткілікті (Мюнхен келісімі).Осы оқиға кезінде алғаш рет «немістілді тұрғындар», «немістілді азаматтар»деген сөз тіркесі өмірге келді. Осы оқиғадан соң Судет облысын аннекциялауғақатысқандарға «Бір халық, бір мемлекет, бір көсем» деген сөз жазылған төсбелгіберілді. «Немістілді», «бір халық, бір ұлт» деген сөздер естеріңізге ештеңесалмай ма?

    Ең қызығы және мен үшін күтпеген мәселе – Путиннің осысөзінен кейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған республикалар (қазіргітәуелсіз мемлекеттер) тарапынан «Кешіріңіз, бұл әңгіме кімдер туралы болыпотыр, осы жағын нақты айтсаңыз екен. Бізге Ресейден сыйлыққа қандай жерлер беріліпті немесе біз қандай жерлердіалып кетіппіз?» деген сұрақ берілген де жоқ. Неге бәрі үнсіз қалды? Егер«үнсіздік – келіскеннің белгісі» десек, бұл мойындау болып шығады. Кейбірмемлекет басшыларының (Балтық жағалауы елдері) «бұл сандыраққа көңіл бөлмейік,былшылдай берсін» деуі де ғажап емес. Алайда Қырым мен Донбасстан кейін Ресейпрезидентінің ашық мәлімдемесіне жүрдім-бардым қараулары қалай болар екен?  Айта кету керек, Кеңес өкіметінің алғашқыжылдарынан бастап, 50-жылдардың ортасына дейін Одаққа кірген республикалардыңтерриториялары сан рет өзгерді. Қосылды, алынды. Өз басым ең болмаса біздіңпрезидент дипломатиялық мәдениетті сақтай отырып, болашақта үлкен өртке алыпкелетін Путиннің сөзіне нақты түсінік беруді талап ете ме деп үміттеніп едім. Олда болмады.

      Ресей өзінің көршілеріне дегенбасқыншылық пиғылын 1991 жылдан бастағанын жаңа айтып өттік. Енді бұл жұмыстыңбелгілі бір жоспар бойынша кезең-кезеңмен, терең ойластырылған стратегиясы ментактикасының бар екеніне көңіл бөлейік.

       Бұл бағытта Ресейдің жасаған бірінші қадамы – келешектеөздері «қорғайтын» қауымға (тұрғындарға, адамдарға) ерекше анықтама береотырып, кейінгі іс-әрекеттеріне заңды негіз жасау. Сондықтан болу керек, Ресейзаңдарындағы «отандастар» сөзіне берілген анықтама, менің білуімше, ешбір елдекездеспейді. Олар заңға «шетелдегі отандастар» деген ұғым кіргізген.

     «Закон определяеттакже понятие «соотечественники за рубежом»:

Под понятием «соотечественники за рубежом» (далее –соотечественники) подразумеваются:

1.     граждане РоссийскойФедерации, постоянно проживающие за пределами Российской Федерации(далее – граждане Российской Федерации, проживающие за рубежом);

2.     лица, состоявшие вгражданстве СССР, проживающие в государствах, входивших в состав СССР,получившие гражданство этих государств или ставшие лицами без гражданства(далее – лица, состоявшие в гражданстве СССР);

3.      –выходцы (эмигранты) из Российского государства, Российской республики, РСФСР,СССР и Российской Федерации, имевшие соответствующую гражданскую принадлежностьи ставшие гражданами иностранного государства либо имеющие вид на жительствоили ставшие лицами без гражданства.

      Қысқасы, басқа елдерде тұратын, қазір солелдің азаматтығын алған бұрынғы Кеңес Одағының барлық азаматтары, оның ішіндебіз де бармыз,  Ресейдің «отандастары»болып шыға келеді (!). Ал отандастарды, олардың ұлттық құндылықтарын қажеттіліктуған жағдайда жергілікті халықтан «қорғау керек». Бәрі заңды.

      Заң жүзінде өздерінің жақтастарынбелгілеп алғаннан кейін Ресей екіншіқадамға көшті. Енді олар аннекциялайтын жердің орыстілді тұрғындарынаРесей паспортын тарата бастады. Бұл жұмыс Оңтүстік Осетия мен Абхазияда кеңкөлемде жүргізілгені белгілі. Ресей паспорты бар азаматтарды қорғау миссиясыдеген желеу 2008 жылы Грузиямен қарулы қақтығыс кезінде өзінің жемісін бердідеп есептеймін. Осы кезеңге дейін паспорт тарату жұмысы жартылай жасырын (көпелдерде қос азаматтыққа тыйым салынғаны белгілі) жүргізіліп келсе, осы жылдың24 шілдесінен бастап Ресей тарапы паспорт алу жолын жеңілдетті. Соған қарағандажоспардағы уақыт жақындап қалған сияқты. Бұл мәселе Қазақ елінде де шешімінтаппай тұр. Қарапайым адамдардың айтуларына қарағанда, Ресей паспортын алғаназаматтар бізде де жеткілікті. Бірақ оны анықтайтын ешқандай жолды көріп тұрғанжоқпыз. Қазақстандағы Ресей елшілігі «біздің дерегіміз бойынша осыншама адамРесей азаматтығын алды» деген мәлімет береді деп айта алмаймын.

    Үшіншіқадам – кез келген империялық мемлекет үшін сөзсіз қажет болатын нәрсе –соғысқа дайындық мәселесі. Ресей әскери тәжірибе жинақтау жұмысын Кеңес өкіметікезінде Ауған, Ангола т.б. елдерде бастаса, кейін Шешенстандағы екі соғыс,Донбасс пен Луганскіде, Сирияда жалғастырып жатыр. Осы қарулы қақтығыстардыңнәтижесінде Жер шарының кез келген нүктесінде соғыс жүргізе алатын тәжірибелісарбаздар мен әскери қолбасшылар қалыптасты.

      Путиннің жоғарыдағы сөзінен кейін бұқаралықақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «көрші елдердің жері – Ресейдіңменшігі» деп аталатын кең көлемдегі үгіт-насихат жұмысы басталып кетті. Бұл – төртінші қадам. Орыстілді БАҚ-тарда,әлеуметтік желілерде аузына келгенін соғатын Жириновскийлер емес, «нақтыдәлелдермен» сөйлейтін саясаттанушылар, тарихшылар мен зерттеушілердіңпікірлері таратыла бастады. «Русская семерка», «Русбалт», «Правда РУ» т.б.сайттарда «Какие государство и земли добровольно присоединались к России»,«Какие республики СССР Сталин сделал «независимыми государствами» в 1944 году»,«России пора собрать свои территорий?», «Игорь Шишкин: «Не Россия нападет, арусских притесняют» сияқты сараптамалық материалдардан көз сүрінеді. Бұлар текРесей оқырмандарына ғана емес, ақпарат алаңы қараусыз қалған қырманның есігісияқты айқара ашық біздің еліміздегі азаматтарға да арналғаны белгілі.  Қысқасы, ақпараттық соғыс басталып та кетті.  Украина, Әзірбайжан, Грузия елдері баяғыда-ақшетелдерден келетін ақпарат құралдарына заң арқылы шектеу енгізген болатын. Кешеғана Армения мемлекеті де шетелдерден келетін ақпарат ағынын шектеу туралы заңқабылдады. Саясаттанушылардың «тәуелсіз елдің ақпараттық кеңістігін басқаелдерге бермеу керек» дегеніне жиырма жылдан асты. Біздің билік бұл бағытташөптің басын да сындырған жоқ. Ақпарат алаңы деген қақпаны Ресей БАҚ-тарынаайқара ашып, жайбарақат отыр.

         Жоғарыдағы сан түрлі зерттеушілер менсаясаттанушылардың, тарихшылардың мақалалары мен сараптамалық еңбектері текқана Ресей мемлекетінің кейбір территориясының басқа республикаға берілгеніндәлелдеу де ойласаңыздар, қатты қателесесіздер. Өкінішке қарай, газет көлеміжан-жақты талдауды көтермейді, сондықтан мені алаңдатқан бір ғана мәселеніайтқым келеді. Бұл осы мақалалардың басым бөлігінің басқа елдердегі «орысәлеміне», «орыстілділерге» бағытталғаны және оның ішіндегі басты ұстаным – Ресейешкімнің жерін басып алмайды, шабуыл жасамайды, орыстілділер өздерін қорғайбілуі керек, өздерінің таңдауын өздері жасайды дегенге саяды. Бұл – бесінші қадам. 1991 жылы ШығысҚазақстанда жүзеге аспай қалған, бірақ 2014 жылы Донбасс пен Луганскіде мақсатына жеткен қадам.

      Меніңше, Ресей президентінің осы сөзіненкейін Кеңес Одағының «шинелінен шыққан» барлық мемлекет етек-жеңдерін жинап,оңы мен солына көз салып, дайын отырғаны абзал болар еді. Көршімізбен «мәңгілікдостық» құжатына  қол қойдық деп,  арқаны кеңге салып отырған елдің қазіргіжағдайын бәріміз білеміз. Демек, Украина елінің қанды да қасіретті тәжірибесібәрімізге сабақ болуы керек. Ең қорқыныштысы, кеше ғана тәуелсіз Украинаныңатқарушы, заң шығарушы, әскери  билігіндежүрген азаматтар бір сәтте опасыздық жасап, автомат асынып, өз еліне қарсышықты. Бұл жағынан келгенде, барлық республикада кеңестік кезеңді, «орысәлемін» аңсайтын топтар жеткілікті. Кешегі Павлодардағы десантшылар шеруіосының айғағы емес пе?

                                                                                             Дос КӨШІМ

Тегтер: