11:00, 14 Желтоқсан 2021
Жауап алуға шақыра ма, белгісіз. Қырғызстанның экс-президенті Бішкекке оралды
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке келді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Басылым дереккөздеріне сәйкес, Мәскеуден келген борт Манас әуежайына 14 желтоқсанда таңертең 4.40-та қонған. Асқар Ақаев туған жеріне ұлы Іліммен бірге ұшып келген.
«Бұрынғы президент „Құмтор“ ісі бойынша жауап алуға шақырыла ма, әлі белгісіз», — делінген хабарламада.
Құмтор — Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Бішкектен 350 шақырым жерде орналасқан Орта Азиядағы ең ірі биік таулы алтын кен орны. Тянь-Шань тау жүйесінде, теңіз деңгейінен 4000 метр биікте орналасқан Құмтор — әлемдегі екінші биік таулы алтын кен кәсіпорны.