Жауды жеңем десең, алдымен өзара дауды жеңу керек

Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп, ел басындағы ауыр жағдай, карантинде жатып интернет жүйесі арқылы шындыққа көз жеткізіп, ойыма ой салған еді.
Сол ойды ортаға салуды жөн көрдім. Ол не дау десеңіз, ең бірінші неше түрлі топқа бөлініп, барлығы Назарбаевтың билігін құлату деген мақсатпен біріккенмен, әр топ, әр партия өздерін жоғары санап, басқа топ басшыларына, партияларға өткен қателіктерімен, бұрыс істерін жүз қайталап, өзара өкпе-наздарын талқылап, алтын уақыттарын зая кетіретініне көзім жетті. Халық партиясы, ДВК партиясы, Демократиялық Қазақстан, Көше партиясы, тағы басқа сол сияқты намысы оянғандар нағыз қазақтың батыр, ержүрек қыздары мен жастар тобы құралып, ел мен жер мәселесін келешек пен болашақ үшін көш бастаушыларға күйе жағып, өзара араздық отын жағушы жандардың ұстамы, орыс мақалын арқаланып, «Бить по голове, остальное сам развалится» деген қытайдың культ революция кезіндегі ұранымен Қажыгелдинді, Әблязовті, Ахметбек Нұрсиләні, Серік Біләшті, Жанболат Мамай сияқты қолбасшыларға жала, жалған, жаман ойлармен іріткі салып, жаңа топ, жаңа партия құруларына бөгет, кедергі жасаумен айналысуда.
Өзара сын, кемшілік айтты деп, авторларды топтан шеттетпей, аға-інідей бауырға тарта білгеніміз ауадай қажет. Жау санағанның өзінде, бауырға тартып жолдас етуге болады ғой. Елдің, жұрттың, халықтың намысын қорғап, сойылын соғып жүрген азаматтар кешегі бала күнгі ер, данасыңдар. Мақсаттарыңа жету үшін кешірімді кең пейілмен, көңіл қырымен, өмір тіршілігіндегі кірбіңге бола біріңе-бірің айтылған сөзді оймен шақырып қайталамай, жақсылықпен, сыйластықпен, ынтымақпен бірігуді әр топ басшысы орындай білсе, алынбайтын қамал жоқ. Мың партия, мың топ болып әр бұрыштан әр күні ұрандағаның құр шәуілдегенге ұқсатпай, келіскен күні дер кезінде бір мақсатпен, бір талаппен шығуға шешім қабылдасаңдар, үстем партия – «Нұр Отан» мүшелігінен шығып, «Халық партиясына» қосылуды көксейтін азаматтар болса, нұр үстіне нұр жаусын деп, қарсы алуымыз керек.
Біз «Алға!» деп ұрандаймыз, бірақ қозғалмаймыз. Себебі совет заманынан бері қарай ескі тәсіл сайлаудың жобасымен жүріп келеміз. Сайлау таза, ашық, әділ өтті деп, тоталитарлық заманды дәріптеп келеміз. Сайлау комиссиясының фальсификациясына мәжбүрлі түрде сеніп келдік. Әрбір сайлауды таза, әділетті, ашық өткізу үшін мен мынадай жоба ұсынамын:
Бірінші. 51 пайыз деген жүйені алып тастау керек, себебі төрт кандидат болса, билік кандидаты 51 пайыз алады, қалған үшеуі 20, 30, 40 пайыздан алып, сайлаушылар даусы үшке бөлініп, жетпей қалды дегенге көніп келдік. 51 пайызды жойып, орнына «кім көп дауыс алса (кісі саны) сол жеңіске жетеді» деген сөзбен өзгертілсін.
Екінші. Жасырын дауыс беру жойылсын. Ашық сайлау ортада шымылдыққа кірмей, бюллетеньді тастамай, ашық дауыспен кімге дауыс бергенін автор камераға қарап жариялау керек. Бюллетеньді көрсетіп, сызылған кандидатты нұсқап, камераға, содан кейін бюллетень қорапқа салу.
Үшінші. Бюллетеньнің формасын өзгерту керек, көрсетілген кандидат бұрын сайланғаны не сайланбағаны көрсетілсін.
Төртінші. Сайлау учаскесі орталықпен видео-камера, компьютерлік жүйесімен заманға сай өткізілсін.
Бесінші. Президент сайлауында альтернативаға екі кандидаттан артық болмасын.
Алтыншы. Әр сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінің бір данасын оппозиция қолына берілуін міндеттеу.
Жетінші. Жаңа форматты сайлау бюллетеніне сайлаушы өзінің аты-жөнін өз қолымен жазып, қол қоюды міндеттеу.
Сегізінші. Кімде-кім сайлауға түспей қалса, сайлау комиссиясы тізімді растап, қолын қойып, ақпараттарға, газет бетіне жарияланғаны дұрыс.
Тоғызыншы. Сайлау таңғы сағат алтыдан кешкі сегізге дейін жүргізілуі белгіленсін. Комиссия шешімін сол күні сағат 23:00-ге дейін жариялауды міндеттеу.
Оныншы. Сайлау комиссиясы әр учаскеге партиялар мен топтардың саны бойынша бекітілсін. Мысалы, төрт кісі биліктен, төрт кісі демократиялық Қазақстаннан, ДВК партиясынан, Көше партиясынан, тағы басқа сол сияқты партия өкілдерінен белгіленсін.
Он бірінші. Жаңа сайлау форматы мен жобасы бюллетень жобасын жүйеге енгізу туралы заңмен бекітілсін.