Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 18 Тамыз 2022

Жаздың ыстық күндері өрт қаупін арттырады

None
None

Бірнеше күн бұрын еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Еліміздің төтенше жағдайлар қызметі мұндай аптап күндері өрт қаупі екі есе артады,  төтенше жағдай жиі тіркеледі деп алаңдаушылығын білдіруде. Оның үстіне күздің жақындауымен бірге қурай бастаған көк шөптер де өрт қаупін арттыра түеді екен. Сондықтан жаздың аяғындағы ыстық күндер мен күздің басындағы шөптердің қурай бастауы төтеншеліктердің жұмысын арттырып тұр.

Осы орайда айта кетер жайт, тұрмыстық өрттермен бірге дала өрттері, орман өрттері де көбейетін кез осы кезең екен. Сондықтан орманды өлкелеріміз осы бастан дайындлып, төтенше жағдайдың алдын алуға тырысуда. Мәселен кеше ғана ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр «алдын алу жұмыстарын жүргізу арқасында өрт қаупін айтарлықтай азайту мүмкіндігіміз бар. Онсыз да елімізде орманды өлкелеріміз азайып барады. Жаңадан отырғызып оларды өсіргеннен гөрі, бұрыннан бар байлығымызды сақтау тиімді. Сондықтан оларды қарап отырып, төтенше жағдай көбейетін кезі деп қараптан қарап өртке беріп қойып отыра беру өте өкінішті. Сондықтан барынша тырысып, осы бір күздің қауіпті кезеңінен шығынсыз өтіп алуға тырысамыз» дейді.

Дегенмен биыл өрт қауіпі маусымы басталғаннан бері облыс аумағында 48 орман өрті тіркеліп, 1 958,1 гектар орман алаңы жойылған көрінеді. Дәл қазіргі таңда жойылған орман аумағын тазалап, көктем шыға жойылған ағаштардың орнына көшеттер отырғызу жоспарланып жатқанын жеткізді. Еліміздің орманды алқабы негізінен шығысымызда орналасқандықтан шығыстық төтеншеліктер орманды алқапты сақтау мақсатында қауырт жұмыс үстінде. Сондай-ақ, қауіпті кезең басталғаннан бері елімізде бір дала өрті тіркеліп, аумағы 70 га және 70-тен астам шөптің жануы орын алып, өрт аумағы 1 348,8 га құраған екен. Салыстырмалы түрде өткен жылмен салыстырғанда өртке қатысты төтенше жағдайлар азайып келе жатыр дегенмен бәрібір жасыл желектің отқа орануы өзекті өртемей қоймайды. Қазір енді өрт оқиғаларының алдын алу үшін күшейтілген режимде жұмыстар жүргізілуде. Жалпы өрт қауіпті кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге осы өңірдегі азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және 270 адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылып, күн түн демей үздіксіз жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін 546 рейдтік іс-шара жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 37 жағдайы анықталып отыр. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандармен түіндіру жұмыстары жүргізіліп, қайталанған істер бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336-бабы бойынша 8 әкімшілік материал және 410-бабы 1-бөлігі бойынша 29 іс қозғалып, қаралу үстінде. Яғни өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау оқиғаларының алдын алу үшін қатаң шараларға бару қажеттігін де уақыт көрсетіп отыр. Олардың осы жазалаудан қортынды шығарып, алдағы уақытта өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға ұмтылса мақсаттың орындалғаны.

 Қашан да өртті салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алу қоғамымызға арзан түседі. Сондықтан еліміздің шығыс өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 115 рет дөңгелек үстел өткізіліп, өрттің алдын алуға қатысты түсіндіру, жұмыстары жүргізілуде. Және 15 292 адамға өрт қауіпсіздігі ережелері үйретіліп, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса егістік жинау және жем-шөп дайындау кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, сондай-ақ өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарының бар-жоғы тұрғысынан қарап-тексеру жүргізіліп отырудың арқасында бүгінгі күні төтенше жағдайға сақадай саймыз деп айтуға болады.

Осы орайда өрттің алдын алуда техникалық жай күйіміз де маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын  41 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр. Ондағы жұмыс күшінің құрамы 51 адам және 43 техниканы қамтиды. Төтенше жағдай кезінде жұмыла кететін еріктілердің де тізімі жасалған. Дегенмен өңірдің төтеншелік мамандары облыстың ауылдық елді мекендерін толықтай қамту үшін тағы да 10 өрт сөндіру бекетін салу қажеттігін айтуда. Қазіргі таңда бұл ұсыныс жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау тауып, қажетті өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы жоспарлануда. Алдағы уақытта 28 мыңға жуық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 25 елді мекенді өрттен қорғауға арналған құрылыс жұмыстары қолға алынуда.

Әрине өрт оқиғаларының алдын алуда төтеншелік мамандардың физикалық дайындығы да маңызды. Сондықтан еліміздегі төтеншелік мамандардың дайындығын шыңдау үшін жыл сайын өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өткізіледі. Биыл да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХVIII ерлер арасындағы, VIII әйелдер арасындағы  жазғы чемпионатының соңғы кезеңі жақында Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның кіші алаңында өткізіліп, мамандардың қарым қабілеті жарыс арқылы анықталды. «Жауынгерлік қанат жаю» сайысында күші мен кәсібиліктерін көрсетіп, өрт сөндіру кезіндегі физикалық мүмкіндіктерін дәлелдей алғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Төтеншеліктердің өз арасында өтсе де аталмыш сайыс олардың төтенше жағдай кезіндегі мүмкіндігін көрсететін бірден бір жарыс. Сондықтан мұндай жарыс кезінде өрт сөндіру-құтқару бөлімінің төтеншелік мамандары барын салады. Мәселен осы республикалық сайыс бойынша ерлер арасында 1-орынды Ақтөбе облысының командасы, 2-орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, 3-орынды Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы иеленіп, өз мүмкіндіктерін дәлелдеді. Ал, әйелдер арасында Түркістан облысының командасы 1-орынды иеленсе, Қызылорда облысының командасы 2-орынды, Нұр-Сұлтан қаласының  әйелдер командасы 3-орынға  ие болып тарасты.

          Төтеншелік мамандар үнемі физикалық дайындықтары ойдағыдай болы үшін мұндай жарыстардың маңызы зор деп бағалап отыр.

Тегтер: