Жазушы Сафина Ақтайдың кітабы жарық көрді

Бүгін жазушы жазушы Сафина Ақтайдың «Burger King-тегі Элвис Пресли» атты кітабы жарық көрді. Бұл туралы автордың өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Бүгін менің «Burger King-тегі Элвис Пресли» атты алғашқы әңгімелер жинағым жарық көрді. Бұл алдағы уақытта жарияланатын романыма дайындық десем де болады. Кейде маған маңызды сұрақтардың жауабы әртүрлі фастфуд дәмханаларында, метрода, түтін басқан бөлмелерде кездестіндей көрінеді. Содан да болар бүгін жинағымды қолыма ұстап тұрып, бұл - сен және сен ешқашан кездестірмейтін жандар туралы кітап деген ойға келдім», - дейді автордың өзі.
Сафина Ақтайдың шығармасы — символизмге, терең философиялық мағынаға, адам жаны мен жадының шектеулігіне, елден еріксіз жырақта жүрген тағдырларға, сағыныш пен еркіндікке арналған көркем-прозалық шығарма. Мысалы, «Үйге қайтамын. Шаршадым» әңгімесінде автор есте сақтау қабілеті нашар Узай өмірін суреттейді. Ол кездескен адамдардың есімін есінде ұстай алмайды. Бұл – жай ғана медициналық немесе тұрмыстық мәселе емес, автор осы арқылы адамның жадына, ұмытшақтыққа, уақыттың өтіп кететініне назар аударады. Кейіпкер айналасындағы адамдардың сезімін, есімін, жүзін ұмытады, ал елестері мен түстері есінде жаңғырып тұрады. Жалпы, Сафина Ақтай бұл прозасы арқылы жады мен отансүйгіштік, босқындық пен қуғын, өмір мен өлім арасындағы шекара, адам рухының күресі мен үмітінің сөнбеуі туралы әдемі де ауыр философиялық пайым ұсынады. Бұл шығарма — қарапайым көрінгенімен, астары терең, ой салатын, бүгінгі қоғам мен әлемдегі босқын, қуғын-сүргін көрген жандардың трагедиясын жүрекке жеткізе білген көркем дүние.
Айта кетейік, Сафина Ақтай жазушы, аудармашы, журналист. Ол 1996 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында бірнеше ақпарат құралында еңбек етіп, халықаралық деңгейдегі публицистикалық тәжірибе жинақтады. Әсіресе, Батыс ойшылдарының еңбектерін қазақ тіліне аудару ісіменқан. Оның қазақ тіліне аударған авторларының қатарында Мартин Хайдеггер, Мишель Фуко, Жиль Делёз, Ингмар Бергман, Эрнст Юнгер мен Сьюзан Лофт авторлар бар. Оның шығармалары ағылшын, орыс және түрік тілдеріне аударылған. 2023 жылы «Целенный» заманауи мәдениет орталығының қолдауымен жарыққа шыққан Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын қазақ тіліне аударған.
Сафина Ақтайдың шығармалары терең психологиялық иірімдерімен, символизм мен экспрессивті баяндау мәнерімен ерекшеленеді.