Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 04 Тамыз 2023

Жазушылар одағы сырқаттанған ақын-жазушыларға ақшалай көмек береді

None
None

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшылығы сырқаттанып жүрген ақын жазушыларға көмек көрсету туралы мәселені қарастырды.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов бұл бастама одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асатындығын айтып өтті.

«Жазушылар одағы тек қоғамдық бірлестік қана емес, үлкен отбасы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, қазіргі таңда ауыр сырқаттанып жатқан ақын-жазушыларымызға көмек көрсету туралы шешім қабылдадық», — деді М.Құлкенов.

2023 жылдың соңына дейін 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковскаяға берілетін болады.

Мереке Құлкенов мүмкіндігінше қаламгерлерге әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.

Тегтер: