Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:32, 19 Тамыз 2019

Жазушылар ұялмай оқуға ұсынатын шығарма жаза алмады

Халықтың рухани өмірінде ұшырасатын кедергілердің түпкіліктісебептерінің көбін ашып беретін ғылыми қызметтің екінші түрі – әлеуметтік лингвистика.

Руханияттың жағдайыалдымен тілдің, сол тілде жасалған мәдениеттің, беріліп жатқан білімнің,таралып жатқан ақпараттың, тұтастай алғанда, сол тілдегі менталдық сөздік қордыпайдаланып жасалған контенттің сапасымен айқындалады.

Қазақстанда лингвистика ғылымы көшіп кеткен елдіңжұртында шөгіп жатыр. Дүние жүзі дамудың индустриялы басқышына аттап кеткенде,қазақ лингвистикасы аграрлы қоғамдағы сипаттамаларымен қалып қойды. Қазақруханиятының бар кеселі осыдан туындап отыр. Осы аядағы метаморфозаның ғажабы тілбіліміндегі лысенковщинадан және биліктің тіл мәселелерін толық шешуге құлықтанытпауымен ағзалық байланыста өрбіп, сананың көлегейленуіне ұласып кетуінен көрінісберуде.  

Мына бір мәселеге көңіл аударып көріңіз. Қазақ жазушыларықала адамы өмірінен алынған, заманауи нағыздықтың, соның ішінде өнеркәсіптің,саясаттың, құқықтың өзекті мәселелерін көтеретін, қазақ еместерге ұялмай оқуғаұсынуға болатын, жаһандық деңгейдегі бәсекеге шыға алатын көркем шығарма жазаалмады. Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда мұның себебі аяқ астындажатыр. Автохтонды ұлт зиялыларының менталдық лексикасыауыл тіршілігін, малшаруашылығына қатысты оқиғаларды, отбасындағы туыстық, тұрмыстық қатынастарды ауыладамының түсінігіне лайықтап, біршама сипаттап бере алғанымен, индустриялықоғамдағы өмір шынайылығын ойдағыдай жеткізіп бере алмайды. Соның салдарынан,қазақтың ойы мен әрекеті де дастарқан басында құдалармен қауышудан аса алмайқалған.

Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда отандық тілтануғылымында парадигмалық теріс бағыттарды аңғару қиынға соқпайды. Қазақлингвистері әдеби лексикамен бейәдеби лексика, ресми стильмен жалпақ тілстилініңарасындағы айырманы көре алмады, тілді стандарттау, нормалаудегендердің байыбына бара алмады. Қазақтың тілі, ойы және әрекеті арасындағыдетерминдік байланыстарда олардың когнитивтік картасындағы «ақтаңдақ»болып шықты. «Су айырығынан» жіберілген, стратегиялық сипат алған қателіктердітүзеп алмай, қазақ тілінің оңалмайтынын отандық тілтанушылар түсінетін түрі жоқ

Бұлар туралы да «Философия языка» кітабында жанжақтыталдау берілгендіктен, бұл жерде әлеуметтік лингвистиканың руханияттағы қалтарыстармен бұлтарыстардың сырларын ашудағы рөліне қатысты ойларымды осымен доғаратұрамын.

* * *

Қазақ руханиятының осалдығының басты себебі зиялықауымының бар ғылымның түп қазығы, әдіснамалық негізі – философияға дендеп бара алмауынантуындап отыр. «Мен лингвиспін,маған философияның қажеті қанша» деп шатасады олар. Соңғы кездері кейбіреулер ЖОО-лардафилософияны оқытудың керегі жоқ дегенді шығарып жүр. Уильям Шекспир айтқандай,бізде «философия тасын ұстайтындар жетіспейді». Рухани аядағы барлықкемшіліктердің түпкілікті себебі осыдан – философиялық талдаудың кемшіндігінен.Сондықтан қазақтың қылып жүргенінің бәрі қате.

Философия – таудан биік, мұхитттан терең ілім.Философияның қағидаларын айтып тауысу мүмкін емес. Оны біреуге үйрету деқиынның қиыны. Философияны түсіну үшін философ болып жаратылу керек. Даналықәрі қарапайым, әрі әрненің бетінде қалқып жүреді. Қатардағы көпшілік оныаңғармайды. Оны жүрекпен сезіне, ақылмен саралай білу керек. (Сананы реткекелтіретін, қазақ руханиятына қатысты тұжырымдардың үлкен палитрасы да «Философияязыка» атты кітапта келтірілген).

ҚанағатЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасыбар)

Фото: findself.ru

Тегтер: