Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:32, 19 Қараша 2019

Жазушымен жүздесу

Жақында әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде «Жүз кітап» жобасыаясында «Көкжиек» және «Әдеби жүздесу» клубтарының ұйымдастыруымен көрнектіжазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВПЕН шығармашылықкездесу өтті.

Сүйікті қаламгерменсұқбатқа асыққан әдебиет сүйер жастардың саны көп болды. Қашан да, ұлт пен ұрпаққамын бәрінен жоғары қоя білетін, кісілігіне кішілігі сай, ұлылығықарапайымдылығынан танылатын, жастарға жақын жүретін абзал жанды Жазушы жасәдебиетшілермен емен-жарқын, шынайы сұқбат құрды. Ана тілдің мәселелерінүздіксіз көтеріп жүретін ұлтжанды тұлға бұл жерде де тіл жөніндегі өткірпікірлерін айтпай қалған жоқ. «Қазақ тілінде сөйлейтін адам ғана — қазақ» дегентұжырымын қадап айтып, жастарды ана тілді ардақтауға шақырды.  Әңгіме сан салалы бағытта өрбіді. Кітапоқудың зор пайдасы, халық өлеңінің мәтін бұрмалап айту, жазушыға қажеттіқасиеттер, шығарма тарихы, бала тәрбиесіне, ұрпақ санасына ең алдымената-ана-жауапты екендігі, т.б. мағыналы тақырыптар қозғалды. Жастардыңықыласынан шабыт алған қаламгер шығармасында кейіпкерінің аузыментуған жерітуралы әннен үзінді де айтып берді.

Сондай-ақ, осыкездесуде  «Көкжиек» клубы өткізген«Студенттік күнделігімнің алғашқы беттері» атты шығармашылық эссе байқауыныңқорытындысы жарияланды. Жеңімпаз атанған 8 студент жазушы Б.Нұржекеевтіңқолынан алғысхаттар алды. Төбесі көкке жеткендей қуанған студенттер үшін бұлсәт ұмытылмастай әсер қалдырды. Кездесу соңында жазушы жас буынға арнағанжүрекжарды тілегін айтып, батасын берді.

Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың оқытушысы

А.Мавлен, ҚазҰУ-дың студенті

Тегтер: