Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл: Дәкебаевтың ісі прокурорға қайтарылды
ҚР Жоғарғы сотында Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабыл жасады деп айыпталған Н.Дәкебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Тергеу мәліметінше, ол жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне күш көрсетумен ұштасқан бұзақылық жасады деп айыпталған.
Сот отырысында қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысы жарияланды. Сот отырысында прокурор қылмыстық істі басқа қылмыстық іспен байланыстыру үшін кері қайтару туралы өтінішхатын мәлімдеді. Қылмыстық іс басқа қылмыстық іске қатыстылығы үшін прокурорға қайтарылды, делінген хабарламада.
Прокурор жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктіге тағылған айыпты қатайтуды сұрады. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа бірден екі бап бойынша айып тағылады:
- Бұзақылық
- Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Айта кетейік, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл қаңтар айының соңында Қарағандыдағы Майқұдық аулаларының бірінде болған. Нұрболат Дәкебаев жүргізушіні бірнеше рет ұрған. Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, желіде қызу талқыланды.