Zhejiang Enterprises көрме тобы Қазақстанда
Алматыда қыркүйектің 4-6 аралығында Kazabuild 2024 көрмесі өтті.
Бұл жолы Қытайдың ең ірі экспорттық провинциясы саналатын – Чжэцзян провинциясы көрмеге қатысу үшін провинцияның 50-ден астам танымал кәсіпорнын әкеліп, 60 стенд ұйымдастырды. Бұл – Чжэцзян Сауда министрлігінің Қазақстанда ұйымдастырған құрылыс материалдарының алғашқы ірі көрмесі.
Zhejiang Enterprises көрме тобы бұл жолы темір бұйымдар, сантехникалық арматура, еден жабындары, механикалық және электрлік сорғы клапандары, декоративтік материалдар, т.б. өнімдерді көрмеге қатысушыларға ұсынды. ZHEJIANG көрме тобы «ZHEJIANG-да жасалған, бәрі қажет» принципін ұстанады.
Осы тұста айта кету керек, соңғы 2 жылда Қазақстан шетелдіктер үшін визасыз режимге көшкендіктен, бизнес пен туризм ерекше қарқынмен дамып келеді. Ел ішкі құрылысын нығайтуға үлкен күш жұмсап, құрылыс материалдарына сұраныс артуда. Бұл көрме көптеген елдерден сатып алушыларды тартады. Соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Германия, БАӘ, Түркия және басқа елдер мен аймақтардан сатып алушылар қызығушылық танытып, тіркелуде. Көрме барысында бірнеше В2В кездесулері өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге құрылыс инженерлері, құрылыс салушылар, дизайнерлер, әрлеу компаниялары және құрылыс материалдары қауымдастықтары сияқты сатып алушылар қатысуда. Алматыдағы бұл көрме қытайлық өндірушілер мен қазақстандық тұтынушылар арасындағы жақсы байланыс платформасын ұсынатыны сөзсіз.
Чжэцзян провинциясы – Янцзы өзенінің оңтүстік қанатында, Оңтүстік-Шығыс Қытайдың жағалау аймағында орналасқан. Бұл экономикасы мен туризмі және мәдениеті дамыған ірі провинция. Чжэцзян провинциясы Қытайдың ішкі сауда айналымында маңызды рөл атқарып қана қоймай, сыртқы әлемге жоғары дәрежеде ашықтық және жоғары коммуникациялығымен ерекшеленеді. Оның жалпы экспорт көлемі Қытайда үшінші орында тұр. Экспортталатын құрылыс материалдары, өнімдері әртүрлі, соның ішінде темір бұйымдар, сантехникалық арматура, еден жабындары, механикалық және электрлік сорғы клапандары, сантехникалық бұйымдар.
Осылайша, Қазақстандағы құрылыс материалдарын сатып алушыларға өнімдер ұсынылды. Чжэцзяннан келген экспоненттер Қазақстанның импорттаушыларын ойландыратыны анық. Бұл байланыс, сөз жоқ, екі ел арасындағы сауда, қаржы айналымы мен бизнес қауымдастықтарының нәтижелі жұмыстарын тағы бір деңгейге көтереді.