Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:19, 31 Наурыз 2018

Жекенің қолына өткен емхана қызмет құнын көтерді

Қарағандыдағы  Октябрь ауданына қарасты № 2 емхана жеке кәсіпкердің қолына өткелі жұмысына көңілі толмайтындар артқан.
Қарағандылық бір топ тұрғын ақылы қызметтердің тізімі көбейіп кетті дейді. 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан емхана 2018 жылдың қаңтар айында кәсіпкер Надежда ХОХЛОВАНЫҢ  «Гипократ» медициналық фирмасына сенімдік басқармаға берілген.[caption id=«attachment_8958» align=«alignnone» width=«1051»]Татьяна Винненкова[/caption] — 4 айдан бері баламды жөтелден емдей алмадым. Ауруы асқынып кетті. Емхана маған қалалық балалар ауруханасына бар дейді. Ондағылар «Гипократтың» өзіне бар, бізбен келісімі жоқ дегенді алға тартты. Күнделікті берілетін жолдама да қолымда жоқ. Емхана оны бермеді. Баламның жағдайы нашарлаған соң, айқай-шумен тек төрт айдан кейін ғана жолдама алдым. Бұл деген сұмдық қой. Аталған фирма емхананы өз басшылығына алмай тұрғанда барлығы ретімен, қиындықтар болмайтын, — дейді қарағандылық Татьяна ВИННЕНКОВА.Бұл тек бір ғана арызданушы емес, бұл емханаға тіркелген жұрттың көбі шағымдарын айту үшін басшылықты шақыртып, емханаға жиналды. Наразы топ тіпті Қарағандыдағы барлық емханалардың сапасын анықтау мақсатында оларды аралап та шыққан. Зейнеткер дәрігер Мария ФАТИЕВАНЫҢ  ойынша, «Гипократ» медициналық фирманың емхананы мемлекеттік жүйемен алып кетпейтініне бірнеше себеп бар.[caption id=«attachment_8960» align=«alignnone» width=«1051»]Мария Фатиева[/caption]-Бізде сіздің емхананы алып кете алмайтыныңызға күмән тудыратын барлық құжаттар бар. Мен зейнеткер дәрігерлермен бірге Қарағандының барлық емханасын аралап шықтым. Сапасы сын көтермейді. Гипократтың жұмысына күмәнданамыз, өйткені өз қызметтеріңіз үшін ойға симайтын қаражатты талап етесіздер. Қарапайым қарттарда қаражат қайдан болсын, азық-түлігі мен дәрілерінен артылмай жатса, — деді зейнеттегі дәрігер «Гипократ» фирмасының басшысына. Жеке кәсіпкердің жұмысын сынға алған  тұрғындардың ашуын басуға облыстық денсаулық сақтау басқарамасның басшысы Ержан НҰРЛЫБАЕВТЫҢ өзі келді. Оның айтуынша, «жиырма жыл медицина саласында тәжірибесі бар білікті фирмаға  беру дұрыс. Әйтпесе, емхана шығынның ортасында қалар еді.[caption id=«attachment_8963» align=«alignnone» width=«1051»]Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы[/caption]-Надежда Хохлова басшылық еткен «Гипократтың» арқасында емхана толықтай  жөндеуден өтеді. Жаңа медициналық құрылғылар пайда болады. Бұның барлығы тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатта қолға алынып жатыр. Алайда жеке кәсіпкерге біз сатып жіберген жоқпыз. Дұрыс түсініңіздер, сенімді басқаруға (доверительное управление) бердік. Мемлекеттік тапсырыстар орындалып, тегін алып жүрген емдер сол қалпы қалады. Ол үшін еш қам жемеңіздер,- деп сендірген облыстық денсаулық сақтау басқарамсының бастығы емхана жұмысын өзі қадағалайтынын да баса айтты.Тұрғындар келісімшарттың бес жылдық мерзімі біткен соң толық ақылы болмайтынына кепілдік те талап етті. Надежда Хохлова бес жыл ішінде тиісті міндеттемелерді орындасам,  мекеме жекеме өткенімен, мемлекеттік тапсырыстарды орындаймын деді.[caption id=«attachment_8964» align=«alignnone» width=«1051»]Надежда Хохлова, жеке кәсіпкер[/caption]-Біз қазір жөндеу жұмысарын жүргізіп жатырмыз. Едәуір шығындар байқалып жатыр. Бірақ оның да бізге пайдалы тұстары бар. Бизнес болғандықтан пайданы да қарастырамыз. Бізде жаңа құрылғылар бар, есесіне, соны қолданамыз. Мемлекеттік тапсырыспен бірге коммерциялық қызметткерді арттырамыз. Ол жұрттың да уақытын үнемдейді,- деді Надежда Хохлова.  Жергілікті шенеуніктер мемлекеттік медициналық мекемені жекеге берулерін бюджетте қаражаттың жоқтығымен түсіндіреді. Егер кәсіпкер қолына бермесек, емхана құрдымға кетеді дейді. Қарағанды облысында мемлекеттік емханалардың жеке кәсіпкердің сенімді басқаруына беріліп отырған алғашқы нысан емес екен. Теміртау қаласындағы емхана да жекенің сенім басқармасына өткен.

Айман Сағатай, Қарағанды

Фотолар автордікі.

 
Тегтер: