05:41, 09 Қыркүйек 2020
Жекешелендіру: 32 нысан сатылымда тұр

Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жыл басынан бері 6 нысан сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды. 2020 жылы 74 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 38-і сатылымға қойылды. Есепті кезеңде 88,4 млрд теңгеге 6 нысан сатылды. Сауда-саттықта 32 нысан тұр», — деді министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, 5 нысанды қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 18 нысанды жыл соңына дейін сатуға қойылады. «13 нысан бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды», — деді Е. Жамаубаев.