Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:19, 21 Ақпан 2023

Жел энергиясы: Қазақстан «жасыл» өткелге жақындап қалды

None
None

Қазақстан өз алдына 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп қойды.

Соңғы жылдары еліміздегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4 пайызға жетті. Мұндағы «жасыл» көшуге апаратын екі жолға – күн мен желге сүйеніп отыр.

Астана ЭКСПО-2017 – еліміздегі ең ірі жел электр станцияларының бірі. Жалпы қуаты 100 МВт болатын 29 турбина Қазақстан астанасынан 40 шақырым жерде таза энергия өндіреді. «ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Орал:

— Зерттеулер Қазақстанда жел энергиясының әлеуеті жылына шамамен 1 триллион киловатт-сағат екенін растайды. Яғни, потенциал бар және оны теңгерімді тәсілмен дамыту қажет. Егер біздің «Астана» жел электр станциясы туралы нақты айтатын болсақ, онда жыл ішінде генерация шамамен 300 млн киловатт-сағатты құрайды. Түсініктірек айтқанда, бұл шамамен 80 000 пәтерді тұтынуға сәйкес келеді, — деп түсіндірді.

Еуропада жасалған жел диірмендері қалақтардың бетінде мұзды анықтау жүйесімен жабдықталған. Осының арқасында қондырғылар Қазақстанның аяз жағдайында да, жаздың өте ыстық кезеңінде де қауіпсіз режимде жұмыс істейді. Мұнда өндірілетін «жасыл» энергия жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын 270 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық желіге экологиялық таза электр энергиясы түседі. Қазіргі уақытта мемлекет оны кәсіпорындардан 20 жылға сатып алуға кепілдік береді және тарифтерді индекстейді. 2018 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылатын энергия секторына инвестиция тарту үшін электронды аукциондар жүйесі жұмыс істеп жатыр.

Инвесторлар жарысы

QAZAQ GREEN қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов:

— Осы электронды ашық аукциондарға әлемнің 9 елінен 200-ден астам компания қатысты. 60-тан астам келісім-шартқа қол қойылды, бұл Қазақстан шынымен де жасыл энергияға халықаралық инвесторларды тартатындығын көрсетеді, — дейді.

Халықаралық Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 4 жыл бұрын Eni Plenitude өзінің еншілес ұйымы Arm Wind арқылы жергілікті жаңартылатын энергия секторына инвестиция жасай бастады. Ақтөбе облысындағы «Бадамша 1» — компанияның әлемдегі алғашқы жел электр станциясы. Өткен жылы осындай екінші жобаның құрылысы аяқталды.

Алекс Стиллавато, Arm Wind, Eni Plenitud компаниясының басқарушы директоры:

— Біздің компания инвестиция салып, технологияны әкеліп, елдің көміртегін декорбанизациялау және энергияға көшу мақсаттарына сәйкес келетін осындай ірі жасыл жобаларды өнеркәсіптік қуатпен қамтамасыз етуде, — деп пікір білдірді.

Қазақстанның жасыл энергетикаға көшу саласындағы тағы бір ірі инвестициялық жоба – Германияның Goldbeck Solar компаниясы салған Қарағанды ​​облысындағы «Сарань» күн электр стансасы. 2019 жылы іске қосылғаннан бері ол жылына 125 миллион киловатт-сағаттан астам электр қуатын өндірді. Бас директор Евгений Гребенников:

— Бұл жобаның бірегейлігі мынада: бұл Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азия аймағындағы орнатылған қуаты 100 МВт болатын ең бірінші ірі күн электр станциясы. Бұл шетелдік инвесторлар үшін алғашқы Қазақстанның күн энергиясына инвестиция салуға шақыратын оң сигнал болды, — дейді.

Бұл соңғы буынның фотоэлектрлік панельдерінде металл жақтауы жоқ. Осының арқасында бұл жерде қыс өте қарлы екендігін ескерсек те, жер бетінде қар жиналмайды. Жаңбырлы ауа-райында су жай ғана жерге сіңіп кетеді. Қазір Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 130-ға жуық нысаны бар, елдің жасыл энергия өндіруге әлеуеті зор.

Күнделікті өмірдегі фотоэлектр

Таза энергияға деген қызығушылық әртүрлі деңгейде көрініс табады. Астанадағы «Ырыскелді қажы» футуристік мешіті жарық пен жылуды өзінің күн батареяларынан алады. Мұндай экожобалардың жергілікті тұрғындар үшін маңызы зор. Имам Рашид Алпысбаев: «Экомешіт деп аталады, өйткені ол өзін энергиямен қамтамасыз етеді. Ең бастысы, қоршаған ортаға да, тұрғындарға да зияны жоқ – тек пайдасы бар».

Қазақстанның келесі мақсаты – 2030 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайызға жеткізу.

Тегтер: