Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:03, 06 Қараша 2023

Қар жаууы мүмкін: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

щңщк
Фото: из открытых источников

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Елдің шығысында антициклон жотасының әсерінен тұрақсыз ауа райы болып, қар жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде шығыс аймақтарда жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +1...+3°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +11...+13°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +17...+19°C болады.