Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:14, 29 Қаңтар 2019

Желаяқ афроқазақтарды жаттықтырып жүрген Даниал Ахметов екен

Жақында жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий ЕГОРОВ кениялық 4 спортшының Қазақстан азаматтығын алып, еліміздің атынан халықаралық жарыстарға қатысатынын хабарлаған болатын.
Осыдан кейін қоғамда резонанс туып, әлеуметтік желі де түрлі пікірлер айтылды. Негізі бұл кениялық атлеттердің Қазақстанда жүргеніне біраз болған. Біздің елде жеңіл атлетика сайыстарын көретін, қызығатындар өте аз. Әсіресе, қазақтардың стадионда жарыс көріп отыруы сирек. Тіпті, теледидардан да тамашалайтындар жоқтың қасы. Әйтеуір, Олимпиададан жүлдесіз қайтпайтын Ольга РЫПАКОВАНЫҢ есімін біледі. Сондықтан болар, енді ғана қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Әйтпесе, алғаш келгенде-ақ бұлар не істеп жүр деуге болар еді ғой.2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында «Altay athletics» атты кәсіби жеңіл атлетика спорт клубы құрылды. Аталған клубтың құрамына Нора ДжерутоКаролин КипкируиДэйзи ДжэпкимэйШэдрак Коэч секілді кениялық спортшылар қосылды. Олар былтыр жыл бойы «Гауһар лига» сайыстарында осы клубтың атынан қатысып жүрді.Наурыз айында ҚР жеңіл атлетика федерациясына президент болып тағайындалған Даниал АХМЕТОВ өз сөзінде «Altay athletics» элиталық клуб болу керектігін қадап айтқан еді.«Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетикадан «Altay athletics» атты алғашқы кәсіби клубты құрдық. Спортшылардың шеберлігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасалған. Қаржыландырылуы да жоғары деңгейде. Бұл элиталық клуб болады.  Ұлттық құрамаға іріктеу қатаң критерийлер арқылы жүргізіледі», – деген болатын.Сол кезде-ақ, қазақстандық спортшылардан Ольга Рыпакова және осы легионерлер Қазақстан құрамасының негізгі көшбасшылары болатынын түсінгенбіз.Даниал Кенжетайұлы кезінде «Астана» велоклубын құруға атсалысқанын және «легионер» деген сөзден қорықпайтынын айтты. Оның тұсында Альберто КОНТОДОР секілді шабандоздар «Самұрықтың» қаржысымен біраз жарыстан жүлдені жиып бергені бар.Бірақ бас бапкер Егоров мырза қазіргі кезде спортшылардың өзге елдің азаматтығын алып, жарыстарға қатысуы бұрынғыдан қиындап кеткенін айтып жүрген. Яғни спортшының нақты сол елге туыстық қарым-қатынасы болмаса, бірнеше жыл күтуге тура келеді екен. Жоғарыда аталған кениялық атлеттер азаматтық алғанның өзінде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысып үлгермейтінін, одан кейінгі 4 жылдықтың басты додасына дейін олардың спорттық баптары қандай болатыны тағы белгісіз екенін алған тартқан болатын.Енді, міне, жыл басталғанда бас бапкер Vesti.kz сайтына берген сұхбатында кениялық 4 спортшының еліміздің азаматтығын алғанын және алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан екен.Соған қарағанда, Даниал Ахметовтің командасы жылдам қимылдаса керек. Әсіресе, жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат СЕЙСЕМБЕКОВ пен оның әріптестері Олимпиада ойындарында Рыпаковадан басқа сенім артатын спортшылардың қажеттілігін түсінген болар.Енді осы төрт легионерге тоқталып өтсек, қандай жетістігі бар:Каролин Кипкируи– 1994 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Былтыр Катар астанасы Дохада өткен «Гауһар лиганың» алғашқы кезеңінде 3000 метрге жүгіруден жеңіске жеткен.  Сол жарыста Кипкируи  осы қашықтықтағы жеке рекордын жаңартқан болатын (8.29,05). Одан бөлек, дәстүрлі Boost Boston Games халықаралық жарысында 5000 метрге жүгіруден топ жарған (15:55,24). 2017 жылы «Гауһар лиганың» соңғы қорытынды сайысында күміс жүлдеге ие болған. Дәстүрлі Ғ.Қосанов Мемориалының 5000 метрге жүгіруден рекордын жаңартқан (15.14.17).Норе Джируте –  1995 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Лилле қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден (стиплчейз) чемпион атанған. 2017 жылы «Гауһар лиганың» Ослодағы (Норвегия) кезеңінде 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алтын медаль жеңіп алған. Сол жылы қорытынды сайыста үшінші орынға табан тіреген. Былтыр «Гауһар лиганың» Шанхайдағы кезеңінде екінші орынға тұрақтаған. Дэйзи Джэпкимэй– 1996 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. 5000 және 3000 метрге кедергілер арқылы (стиплчейз) жүгіруге бейімделген. 2018 жылы «Гауһар лиганың» Шанхайдағы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Жеке рекорды: 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 9:19.682000 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 6:15.123000 метрге жүгіру –  9:17.69.Шэдрак Коэч – 1999 жылы дүниеге келген. Жас талантты спортшы. 17 жасында Ғ. Қосанов Мемориалында тәжірибелі қазақстандық атлеттерден әлдеқайда мықтырақ екенін байқатты. Ол 5000. 10000 метрге жүгіруге бейімделген.Бек ТөлеуовФотоларды автор ұсынды.  
Тегтер: