Бүгін, 10:10
Желіде Шымкент аудан әкімінің қатысуымен болған жанжалдың видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы аудан әкімінің төбелеске қатысы бар делінген бейнежазба тарады. Кадрларды қоғам белсендісі Айгүл Орынбек жариялаған.
Оның айтуынша, видео өткен жылдың күзінде қолына тиген.
Бейнежазбада Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа ұқсас ер адам белгісіз азаматқа шабуыл жасап жатқан сәті көрінеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
«Видеожазбада көрсетілген деректер расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тексеріс аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасаудан бас тартуды сұраймыз», - делінген хабарламада.