Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:52

Желіде танымал болған Талғар әкімі қызметінен өз еркімен кетті

Арыстанбек Әбілқайырұлы
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде белсенділігімен, әсіресе TikTok платформасында танымал болған Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

 Бұл туралы ол өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әкімнің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына денсаулығының сыр беруі себеп болған. Ол белгілі бір уақыт бойы еңбек демалысында болғанын атап өтіп, бұл жағдай қызметтік міндеттерін толық әрі сапалы орындауға кедергі келтіргенін айтты.

«Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым», - деді ол.