Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 07 Қараша 2023

Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

демалыс
Фото: из открытых источников

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен, қазақстандықтар дүйсенбі күні де қосымша демалыс алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Осылайша, қазақстандықтар Тәуелсіздік күні қарсаңында:

бес күндік жұмыс аптасымен: 16, 17, 18 желтоқсан,
алты күндік жұмыс аптасымен: 16 және 17 желтоқсан күндері демалатын болады.

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы мемлекеттік мереке туралы заңға қол қойды. Соған сәйкес 16 желтоқсан "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекеден, мемлекеттік мерекелер қатарына ауыстырылды.