Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:15, 26 Мамыр 2022

Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар

None
None

Адамнан айла асқан ба? Оңай жолмен ақша табу үшін заңнан қорықпағандар антикордың атын жамылып, ақша жасауға көшкен.

Маңғыстауда антикордың атын жамылған бір тұрғын қала әкімдігінен Каспий жағалауынан жер телімін беруді талап етіпті.

Әңгіме былай болған. Маңғыстаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзін антикор қызметкері ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан бизнеске арналған нысанды орналастыру үшін өзінің атына жер телімін рәсімдеуді талап еткен. Антикордың жалған қызметкері 1997 жылы туған Нұрбол Кәрімов есімді азамат болып шықты.

«Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» деген осы. Нұрбол Кәрімовтың заңсыз әрекеті дер кезінде анықталып, жалған антикор жарға құлады, бірден ұсталды. Күдікті қазіргі уақытта Ақтау қаласына қарасты полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Алғашқы тергеу амалдары кезінде күдікті Кәрімовтың бұрын да осындай қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. «Дәніккеннен құныққан жаман» деген халқымыз осындайларды айтса керек.

Көп жағдайда парақорлық, жемқорлық туралы ақпаратты жұрттың көбі жасырып қалады. Өйткені әркім өзі жапа шекпегендіктен, қылмыскер болса да адамның обалына қалғысы келмейді. Бірақ бұл дұрыс емес. Заңсыздықты көріп тұрсың ба немесе біреу заңсыз жолмен ақша талап етті ме, ондай қылмысты жасырып қалма. Маңғыстау облысында жыл басынан бері жемқорлық туралы ақпарат берген екі азаматқа 420 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Дәл қазіргі жағдайда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деректерін азайту үшін әртүрлі әдіс-амалдар жасалу керек. Мәселен, департамент парақорлыққа қарсы күресте ақпарат беретін, құзырлы орындарға хабар беретін азаматтарды ынталандыру шараларын «пәрменді тетік» деп атаған. Қазір «Пәрменді тетік» бойынша Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көмектесетін азаматтарды ынталандыру кеңінен қолға алынып жатыр.

Айталық, былтыр 6 азамат пара сұрағандар туралы хабарлап, 1 миллион теңге сыйақығы ие болған. Мұның екінші жағы, яғни қауіпсіздік жағы тағы бар. Бірақ жемқорларды жіпке тізіп, айтып бергендер туралы ақпарат құпия қалады. Және ол азаматтар құқық қорғау органдары тарапынан қорғалады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Тегтер: