Жеңіл атлеттер Азия чемпионатынан жүлделі оралды
Катар астанасы Доха қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды.Қазақстан жалпы саны 8 медаль жеңіп алды.
Биылғықұрлық біріншілігіне 44 елден 700-ге жуық спортшы қатысты.Олар 186 медаль жиынтығынсарапқа салды.
Азия чемпионатының алдындақұраманың бас бапкері Григорий Егоров 8 медаль алуды жоспарлап отырғанын, оныңішінде үшеуі алтын болуы тиіс деген болатын. Шынымен де, Қазақстан артық-кемсіз8 медальға иелік етті. Алайда, алтыны біреу ғана...
Егоров сенім артқан үштік: Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Иван Иванов(ядро серпу) және Маргарита Мұқашева (800 метрге жүгіру). Бірақ үшеуі де Дохадачемпион атанған жоқ. Рыпакова тіптен жарақатына байланысты жарыс жолынашықпады.
«Азия чемпионатынан бас тартуға мәжбүр болдық. Әрине, өкінішті. Чемпионатқарсаңында Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарында аздаған жарақат алдым. Дохағакелген соң дәрігерлер мұны растады. Айтарлықтай қорқынышты емес. Тіпті, жарысқақатысуға да болар еді. Бірақ жарақатты одан әрі ушықтырып алмау үшін осындайшешім қабылдадық. Өйткені, маусым енді ғана басталды, сол себепті, алдағы әлемчемпионатына дайындалу қажет», — дейді Рыпакова.
Ал Иван Иванов ядро серпуден 19.09 метрмен қоламедальмен шектелді. Сөйтіп, Бхубанешвардағы осыдан екі жыл бұрынғы нәтижесінқайталады. Бірақ тағы да 20 метрлік қашықтықты бағындыра алмады.
Екі дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионыМаргарита Мұқашева 800 метрге жүгіруден бұл жолы мәреге үшінші келді. Оныңуақыт көрсеткіші – 2:03.83.
Осы Азия чемпионатындағы жалғыз алтынды спринтерОльга Сафронова еншіледі. Виктория Зябкинаның үзіліс алуын тиімді пайдаланғанСафронова 100 метрге жүгіруден алдынажан салған жоқ. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта кесіп өтіп, құрлықдодасының жаңа рекордын орнатты. Ольга бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетінәлем чемпионатына жолдама алды.
«Техникалықтұрғыда барлығын сауатты істеп, стартты сәтті бастау міндеті тұрды. Дегенмен,көрсеткішім осындай болады деп күтпедім. Маусымның басында-ақ мұндай нәтижекөрсетемін деп ойламадым – 11.17. Бірақ медаль үшін бәрін жасадым. Жеткенжетістігіме қуаныштымын. Тағы бір нәрсені айта кетейін, соңғы ота жасалғаннанкейін араға 1,5 жыл салып өз-өзіме келе бастадым. Бұрынғы бабыма жайлапоралудамын. Қазіргі кезде жаттығуда жүктелген тапсырманы орындай алатыншамадамын, – дейді Ольга Сафронова.
Ал 200 метрге жүгіруден Сафронова мәреге екінші келді.Оның уақыт көрсеткіші – 22.87.
Жалпы, осы Азия чемпионатынан 27 жастағы спортшы үшмедаль жеңіп алды. Үшіншісін командалас әріптестерімен бірге 4х100 метрлікэстафетадан еншіледі. Команда құрамында Ольга Сафроновадан бөлек, СветланаГолендова, Рима Кашафутдинова, Элина Михина жүгірді.
Осы Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден Михаил ЛитвинҚазақстан рекордын жаңартты. Ол өзі былтыр Алматыда Ғ.Қосанов Мемориалында 34жыл бойы сақталған рекорд өзгеріс енгізген болатын.
2018 жылға дейін 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекорды Александр Курочкинге тиесілі еді.Бұл спортшы 1984 жылы аталған қашықтықты 45.52 секундта жүгіріп өткен. Литвинсоны былтырғы жылы 2 секундқа жақсартты. Ал Азия чемпионатында СолтүстікҚазақстан облысының былтырғы рекордын тағы екі рет өзгертті.
Алдымен, жартылай финалда мәреге 45.38 секундтта жетті. Ал финалда тағы0,13 секундқа жылдам жүгіріп, Қазақстан рекордын бір турнирде екі рет жаңартыпүлгерді (45.25). Алайда, Литвин үшін Қазақстан рекордын жаңарту да алтын алуғажеткіліксіз болды. Ол қола жүлдемен шектелді.
Дегенмен, ол 2019 жылғы әлем чемпионатына қатысуғамүмкіндік беретін нормативті орындады. Қыздардан осы қашықтықта жүгіргенЭлина Михина екінші орынға қол жеткізді. Риддер қаласының тумасы аталғанқашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен.
Әзірге, Михина және өзге де сары құрлық жеңіл атлеттерінебұл қашықтабахрейндік Сальва Насерге (51.34) жақындау мүмкін емес болып тұр. Алтағы бір қазақстандық атлет Светлана Голендова бесінші орынды қанағат тұтты.
Жеңіл атлеттерден бізді қуантқан спортшылардың бірі –биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая болды. Шынымен де, 20 жастағы спортшықыздың соңғы жылдары көрсеткіші жақсарып келеді. Былтыр, 1.85 метрмен Азияойындарында қола жүлдеге ие болғаны бар еді. Осы жолы Азия чемпионатында екіөзбек қызының ортасына түсіп, күміс медаль жеңіп алды. Дубовицкая Дохада жекерекордын екі рет жаңартты. Алдымен, ол 1.86 метрді сосын 1.88 метрге секірді.
Бас жүлдеге 1.90 метрге секірген Надия Дусановға иелікетсе, үштікті тағы бір өзбекстандық СветланаРадзивил түйіндеді.
Айта кетейік, биылғы жылы әлем чемпионаты да осы Доха қаласында 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығындаөткізіледі.
Азия чемпионаты– 2019 (Доха).
Қыздар
100 метргежүгіру:
1. Ольга Сафронова (Қазақстан) – 11.17
2. Сяоджин Лианг (Қытай) – 11.28
3. Йонгли Вей (Қытай) – 11.37
200 метргежүгіру:
1. Сальва Насер (Бруней) – 22.74
2. Ольга Сафронова (Қазақстан) – 22.87
3. Дути Чанд (Үндістан) – 23.24
400 метргежүгіру:
1. Сальва Насер (Бруней) – 51.34
2. Элина Михина(Қазақстан) – 53.19
3. Поовамма Мачеттира (Үндістан) – 53.21
…
5. Светлана Голендова (Қазақстан) – 53.83
800 метргежүгіру:
1. Гомати Маримуту (Үндістан) – 2:02.70
2. Чинью Ванг (Қытай) – 2:03.83
3. Маргарита Мұқашева (Қазақстан) – 2:03.83
1500 метрге жүгіру(финал):
...
7.Татьяна Нерознак (Қазақстан) –4:21.48
100 метрге кедергілерарқылы жүгіру (финал):
...
8. Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 13.50
400 метргекедергілер арқылы жүгіру
1. Ти лан Квач (Вьетнам) – 56,10
2. Аминат Юсуф Джамал (Бруней) – 56,39
3. Саритабен Гаяквад (Үндістан) – 57,22
…
5. Аделина Ахметова(Қазақстан) – 57,92 – жекерекорды
Биіктіккесекіру:
1. Надежда Дусанова (Өзбекстан) – 1,90
2. Надежда Дубовицкая(Қазақстан) – 1,88
3. Светлана Радзивил (Өзбекстан) – 1,88
Үш қарғыпсекіру:
...
4. Ирина Эктова (Қазақстан) – 13.40
3000 метрге жүгіру(финал):
...
11.Татьяна Нерознак (Қазақстан) –10:25.56
4х100 метрлікэстафета
1. Қытай – 42,87
2. Қазақстан(Кашафутдинова, Михина, Голендова, Сафронова) – 43,36
3. Бахрейн – 43,61
Ерлер
100 метргежүгіру:
...
24. Дамил Сутжанов (Қазақстан) – 10.68
...
28. Александр Каспер (Қазақстан) – 10.80
400 метргежүгіру:
1.Юсеф Карам (Кувейт) – 44.84
2. Аббас Абубакер (Бруней) – 45.14
3. Михаил Литвин (Қазақстан) – 45.25 – Қазақстанрекорды
110 метрге кедергілер арқылыжүгіру (финал):
...
6. Давид Ефремов (Қазақстан) – 13.83
110 метрге кедергілер арқылыжүгіру (іріктеу):
...
13. Дмитрий Коблов (Қазақстан) – 51.69
Ядро серпу
1. Пал Тоор (Үндістан) – 20.22
2. Джисян Ву (Қытай) – 20.03
3. Иван Иванов (Қазақстан) – 19.09
Биіктікке секіру(іріктеу)
…
16. Антон БОДНАР (Қазақстан) – 2,00
Сырықпенсекіру
...
8. Сергей Григорьев (Қазақстан) – 5.51
9. Данил Полянский (Қазақстан) – 5.31
4х100 метрлікэстафета
Қазақстан (Виталий Земс, Дамил Сутжанов, Сергей Руссак, АлександрКаспер) – мәреге жетпеді.
4х400 метрлік аралас эстафета
1. Бахрейн – 3:15.75
2.Үндістан – 3:16.47
3. Жапония – 3:20:29
4. Қазақстан (Михина,Голендова, Соколев, Литвин) – 3:20.73
Фотоларды авторұсынды.