Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Жеңіс шыңында қалған альпинистің ұлы Ресей билігінен анасын құтқаруды сұрады

наговыцина
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік альпинист Ольга Наговицына Қырғызстандағы Жеңіс шыңына көтеріліп бара жатып аяғын жарақаттап алған.

 Оның ұлы Михаил Наговицын Ресейдің Бас прокурорына, Сыртқы істер министрлігіне және Мәскеудің Бішкектегі елшісіне жүгініп, шұғыл түрде құтқару операциясын ұйымдастыруға көмектесуді сұрады.

Оның айтуынша, анасы әлі тірі. Желіде жарияланған видеода Наговицына бір апта бойы байланыссыз қалғаннан кейін шатырдың ішінен қол бұлғап тұрғаны байқалады. Ұлының сөзінше, анасының физикалық жағдайы жақсы және оны аман алып қалуға мүмкіндік бар.

— Болжам бойынша, қолайлы ауа райы алдағы екі күнде ғана сақталады. Осы уақыт өткен соң құтқару операциясын жүргізу мүмкін болмай қалуы ықтимал. Сондықтан дрон арқылы Жеңіс шыңы маңын аэровидеотүсірілім жасап, анамның тірі екенін растауды және дәлелденсе, құтқару шараларын ұйымдастыруды сұраймын, - деп жазды ол.

Бұған дейін жоспар бойынша дрон көтеріліп, кейін итальяндық ұшқыш альпинистті тікұшақпен эвакуацияламақ болған. Алайда ауа райы болжамы сәйкес келмей, құтқару жұмыстары тоқтатылған. Қазір жергілікті қызметтер де, жеке компаниялар да биылғы маусымда миссияны қайта жалғастыруға уәде бермей отыр. Іздеу-құтқару жұмыстары тек келесі жылы жалғасуы мүмкін.