ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беру: Үкіметте Тоқаевтың тапсырмасы туралы айтылды

Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысанды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтап жатыр, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.
«Екібастұздағы жағдайға қатысты. Жексенбі, 27 қарашада, жылу желілеріндегі желілік суды көп тұтынуға байланысты қалалық ЖЭО-да қазандық агрегаттары тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды.
28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді», — делінген хабарламада.
Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс биыл наурызда құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.
«Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация,