Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:33, 02 Тамыз 2023

Жер бетіндегі ең қарт адам қайтыс болды

None
None

Бразилияда планетаның ең қарт адамы делінетін Сеу Хосе Паулино Гомес қайтыс болды.

«Ер адам 28 шілдеде Минас-Жерайс штатындағы Зона-да-Матадағы Педра Бонита қаласында 127 жасында қайтыс болды. Сильва тіркеу кеңсесінің мәліметі бойынша, қаладағы жалғыз Хосе Паулино Гомес 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген. 1917 жылы тіркелген неке туралы куәлігі де бар», — деп хабарлайды G1.

Гомес келесі туған күніне бір апта жетпей көз жұмды. Енді Жер бетіндегі ең қарт адам статусы 116 жастағы испан азаматы Мария Бранас Морераға тиесілі.

Туыстарының айтуынша, Гомес ұзақ ғұмыр бойы мал шаруашылығымен айналысқан, атпен саяхаттаған, денсаулығына байланысты атқа мінуді төрт жыл бұрын ғана тоқтатқан. Ол жергілікті өнімдер мен, Минас-Жерайс штатының дәстүрлі тағамдарын жеген.

Тегтер: