Жер дауын Путин емес, біз даулауымыз керек
Қоғамда Ресей президенті Владимир Путиннің осыдан біраз күн бұрын жер мәселесі жөнінде айтқаны талқыға түсіп жатқаны белгілі.
Әрине кез-келген«елім, жерім» дейтін азамат Путиннің айтқанына қарсылық білдірері анық.Есіңізде болса, 2014 жылы да Путиннің «қазақта мемлекет болмаған», деген әңгіме айтып,айды аспанға бірақ шығарғаны бар. Мына айтқандары дасоның жалғасы іспетті. Тек бұл жолы бізге ғана арнап емес, кезіндегі КСРОкеңістігінде өмір сүрген барлық ТМД-ғакіретін республикаларға қарата айтып отыр. Әрине, таяқтың бір ұшы бізге тиері анық. Сонымен ол былай дейді:
«СоветОдағын құру туралы келісімде одан шығу құқығы да жазылған. Бірақ оның нақты процедурасыжоқтықтан мынадай мәселе туады: Қандай да бір республика Совет одағыныңқұрамына кіреді, сөйтіп, Ресейдің ірі көлемде дәстүрлі-тарихи аумағын алады.Сөйтеді де бір күні одақтан шығуға шешім қабылдайды. Олай болса, орыс халқыныңсыйлығын қоса әкетпей, немен келдің, сонымен шығуың керек қой». Бұл 21 маусым күні «Россия 1» телеарнасындағы «Москва. Путин. Кремль» хабарынаберген сұқбатынан үзінді. Алайда араға бір күн салып, Путиннің баспасөзхатшысы Дмитрий Песков президенттің айтқандарынатүсінік беріп,
«Ресейдіңкөршілеріне аумақтық талабы жоқ. Әңгіменің ауаны сыйға жер берілгені туралы емес, Конституцияда кеткен қателіктертуралы болды», деп әңгіменің тонын жұмсартты. Қалай десек те, Путин ойындағысын айтты.Пиғылының қандай екенін танытты. Әйтпесе, тарихтан мақұрым жан емесекені анық.Айналасында жүздеген кеңесшісі отыр,қаншама институттар жұмыс істеп жатыр.Солар әлемді қойып, ТМД елдірініңтарихын білмейді емес, біледі, айтпайды емес айтады. Бірақ Путин Ресейдің әлеуеті баяғыдай мықты екенін танытқысы келіп, айналасына сұс көрсетіп сөйлеп, үрейде ұстағысы келеді. Бірақ оның дегені енді бола қояр ма екен? Басқа республиканы қайдам, қазақ елінің біраз жері патшалық Ресеймен большевиктік Ресейдің қанжығасындакеткені тарихтан белгілі. Нақтылайтын болсақ, Сарытау (Саратов), Түмен, Орынбор, Астрахань, Челябі (бұрынғы атауы Селебе) және Омбы шаһары және оныңмаңындағы ұлан-ғайыр жер Ресейдің қармағында қалды. Әгәрәки қажет болса, жер дауын Путин емес, біз даулауымыз керек. Путин мұны неге айтты? Әрине, Батыс елдері салғансанкцияның құрсауында қалып, экономикасытұралап, халықы аш-жалаңштана бастаған кезде, түсіп кеткен беделінкөтеру үшін, айтуы мүмкін. Бұл басқа әңгіме. Десек те, Путиннің бұл айтқандарынан біз қортынды шығаруға тиіспіз. Ол қатардағы жай адам емес, алып империяның басшысы. Демек, Путиннің аузынан шыққан әрбір сөз, сол елдіңкөзқарасын білдіреді. Әрине, қазіргікезде көршілерімізбен, соның ішінде,Ресеймен саяси, экономикалық, мәдениқарым-қатынаста болғанымыз жөн. Бірақ Мәскеудің дегеніне көніп, бас шұлғи бергеннен ада болғанымыз, әрі абай болғанымыз дұрыс.
Азаматхан ӘМІРТАЙ,
«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы