Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:31, 23 Ақпан 2023

Жер тұяқсыз, мал иесіз болмауы керек

None
None

Ата-бабалар ұрпақтарына аманаттап кеткен «Жер тұяқсыз, мал иесіз болмауы керек» деген тапсырмасы еліміз егемендік алған уақыттан бері ескерусіз қалып келеді.

Қазақтың жеріндей кең байтақ жерді ұстайтын басты саясат – қайта қонысты көбейту.

Ауылды көтеру саясаты. Қазақтың іргесін қашан да ауыл құрайды! Қонаевтың заманында осы саясат жақсы үрдіс алды. Колхоз-совхоздарды нығайтты. Ол саясат өте дұрыс еді. Тіпті Шығыс Қазақстандағы шекаралық жерлерге, үй салып қоныс тептіріп, совхоз ұйымдастырды.1991 жылы Қазақстан егемендік алған бойдан, тәуелсіздікке мәз болып бөркін аспанға лақтырған үкімет басшылары үлкен саяси қателіктерге жол беріп, шаруалырын дөңгелетіп отырған колхоз-совхоздарды мәжбүрлеп таратты. Соның салдарынан күндіз-түні үзбей жұмыс жасап, жоспарлы түрде азық-түлік өнімдерін жеңіл өнеркәсіптерге қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырған үлкен агроқұрылымдар талан-таражға түсіп, малдары пышаққа ілініп, жерлері мен барлық дүние мүліктері әркімнің қолында кетті. Ауылдағы халық күнкөріс, баспана іздеп, қала жағалап босып кетті. Бұрын еліміздің барлық тұрғындарының жартысына құтты мекен болған, 1 млрд-тан астан адамдарды асырауға қауқарлы «ЮНЕСКО ұйымының қорытындысы» қазақ жері базардағы мүліктер сияқты әркімге сатылып кетті! Менің ойымша, Советтік Қазақстан кезінде республикадағы барлық ауылшаруашылық ұжымдарына мемлекеттік актімен бекітіп берген жерлерді, совхоз, колхоздарды мәжбірлеп тарату арқылы иеленіп алған үкімет оны тауар ретінде саудалауға мүмкіндік алып, білгенін істеді. Соңғы кездерде үкіметіміз ауылды дамытуға арналған неше түрлі бағдарламалар жасап, миллиардтаған қаржы бөлгенімен мемлекетімізді алға жетелейтін шынайы саяси реформаларды байқап отырғанымыз жоқ. Бәрі нақты өзгерістерге жетелемейтін атүсті дүниелер. Ең өкініштісі үкіметтің нақты жоспарының жоқтығы. Биліктің барлық тармақтарына ынтасыз тұлғалар тағайындалған. Олар елімізді алға жетелейтін экономикалық бағдарламалар ұсынған жоқ. Тек өздерінің лауазымы шеңберінде, қатардағы орындаушы болып тұр. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы ешқашан шын өндірісті көрмеген, нақты саудадағы қиындықтардың қандай болатынын білмейтін, қаржы нарығының ережелерін түсінбеген. Ұлттық банктің саясатын ұқпайтын, дүкен сөрелеріндегі бағалардың қалыптасу заңын меңгермеген шенділер. Халқымыздың күнделікті тұтынатын азық-түлігінің күннен күнге өсіп жатқанына байланысты қалай күн көріп отырғанын және сала басшыларының бастарына кіріп шықпайды. Сондықтан жаңа үкіметті президент командасы деп айту қиын. Команда деп «сен тұр мен айтайын» деген нағыз кәсибилерді айтуға болады. Өкінішке қарай, ол бізде жоқ болып тұр. Өңір басшылары ауылды дамытуға бөлінген 128 млрд теңге қаржыны игере алмай отыр деп мәлімдеді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сейсенбі күні үкімет отырысында.

2022 жылы 577 ауылда бір мыңнан аса жобаны іске асырауға бөлінген 128 млрд қаражаттың 94-% ы игерілген.Сонымен қатар 7,7 млрд тенге қаржы игерілмей қалған. Сонда қалай, қыруар үкімет қаржысы игеріліп жатса, нәтижесі қайда? Неге дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап өсуде? Қазақстанның құнарлы жерлерінде жақсы өнім беретін көкөніс, картоп неге жеткілікті мөлшерде өндірілмейді? Мал басын өсіріп, қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдерін саудаламаймыз? Бұл жердегі мәселе жыл сайын үкіметтен бөлінетін үлкен көлемдегі қаржыны қалай және қандай мақсатқа жұмсалуында болып тұр. Ауылдық жерлердегі өнім өндірушілер тек қана өз отбасын емес, бүкіл ел тұрғындарын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етсе ғана мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Бір-екілі ескі тракторы бар, үнемі жанармай тапшылығын көріп жүрген жеке қожалықтарға қаржылық жәрдем бердік, субсидия бөлдік деп жарнама жасап жүрген үкіметтегілер осы уақытқа дейін бір ақиқатты ол жеке қожалықтар қаншама көп болса да бүкіл енді асырауға қауқары жетпейтіндігі әліде түсінбей тұр. Социалистік Қазақстан кезіндегі межеге жету үшін, мемлекетімізді қуатты азық-түлік державасына айналдыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарында, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін болашағы бар деп іріктелініп алынған 3,5 мың ауылдарда ірі агроқұрылымдар жасақтау қажет. Бұл мақсаттарға, жер асты байлықтарын сатудан түскен, бюджеттен ұрланып, елге қайтарылған және басқа мақсатсыз жұмсауға жоспарланған (Астана қаласындағы ЛРТ құрылысы) қаржыларды, сонымен қатар зейнет демалысына кеткен Н.Назарбаевтың  «Елбасы кеңесіне» 2023 жылға заңсыз жоспарланған 1 млрд 994 мың (2млрд-қа жуық ) теңге бюджет қаржысын пайдаланып, агроқұрылымдарға тұрғын үйлер, әлеуметтік сала мекемелерін, шағын шикізат өңдеу орындарын салуға, шаруашылыққа қажетті мал, техника және басқа қажет заттарды сатып алуға жоспарлы түрде жұмсау керек. Жоғарыдағы айтылған жұмыстардың нәтижелі атқарылуын бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға ұстамасақ болмайды. Осы орайда ауылшаруашылық министрлігінде арнайы бақылау жасақтап, оның құрамына ауыл мәселесін жетік білетін нағыз кәсіби мамандарды, қаржы мамандарын (Айман Тұсынқан қаржы сарапшысы) заңгерлерді тартып, топты тікелей министрге (тек Е.Қарашөкеевке емес) бағындыру қажет деп есептейміз. Мемлекетті алға жетелейтін шынайы саяси реформаларды бірінші кезекке агросалада жүргізбесек Қазақстанды азық-түлік державасына айналдыра алмаймыз. Қазақ елінің байтақ даласын төрт-түлік малға толтырып, құнарлы жерлерімізде астық өндіріп қойманы толтырып, еңбек етпесек егемендігімізге үлкен сын болады! Ел бесігі ауылды өркендетсек демографиялық өсім азық-түлік қауіпсіздігі, қонысты көбейту сияқты маңызды мәселелер шешімін табады. Бос жатқан жерлер жау шақыратынын ұмытпайық, ағайын!

Тегтер: