Жерді заңсыз иеленгендер...
Қарасай ауданындағы жер дауы әлі шешілмей тұр
Осыдан бірнеше ай бұрын Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны Нұрлан Маханбетов елдімекендегі жерлерді шенеуніктер жекешелендіріп алғанын айтқан болатын. Мақала газетке шыққан соң, оқырманымыз Нұрлан Маханбетов әлгі жерді түбірімен зерттей келе, ол 1253 гектар жерді шенеуніктер заңсыз иеленгеніне қынжылады.
Нұрлан Маханбетовтің түсіндіруінше, Алматы қаласынан 20 км жерде орналасқан Қарасай ауылдық округінде 41 мың адам тұрады. Ал сол тұрғындардың қораларында малы болғанымен, жаятын жерлері жоқ. Жердің барлығын шенеуніктер сатып алып, иемденген екен десек, керісінше, жерді заңсыз иеленіп, тайраңдап жүр. Заңсыз иеленіп қана қоймай, тұрғындар мал жаяйын десе, «бұл жерге мал жаятын болсаңдар, джиппен малдарыңды таптап өтемін» деп қыр көрсетеді екен.
— Біз тұратын Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылында 41 мыңға жуық халық тұрады. Оның үстіне, ауылда тұрған соң, мал ұстайсың. Біздегі ең қиын жағдай ауыл маңында бірде-бір гектар мал жайылымы жоқ. жердің бәрін әкімқаралар жекеге сатып жіберген. Ол кім десеңіз, Қарасай ауданының бұрынғы әкімі Болатби Құтпанов 1253 гектар жерді заңсыз иеленіп, туысы Рахым Оразалиевтің атына жаздырған. Ал Оразалиев 1253 гектар жердің түгелін жеке сот орындаушысы Аян Қасым Беркебаевтың әйелі Ұлдана Сарбасоваға заңсыз сатып жіберген. Заң орындары арқылы құжаттарын тексерсек, Қарасай ауданы сот шешіміндегі құжаттарды жалған жасаған екен. Тіпті сот шешімі шыққан құжат еш нөмірленбеген. Бұны Қарасай аудандық сотының төрағасы М.Көшікбаев анықтап отыр. Тіпті жеке сот орындаушылары да, заңгерлер де құжаттарды тексере отырып, біраз заңсыздықтарды анықтаған болатын. Қаулыда нотариустың аты-жөні, лицензия нөмірі көрсетілмеген. Қарасай аудандық Жер кадастр бөлімі, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1253 гектар жерді заңды бұза отырып, мемлекеттік тіркеуге алып отыр. Біз яғни ауыл тұрғындары мал жаятын 1253 гектар жерді қайтарып беруді сұрап, «Жер-Аманат» комиссиясының төрағасы Жасұлан Естеновке 20.09.2022 жылы №11-02-М86406 нөмірлі арыз жаздық. Ол өтінішімізді сөз бұйдаға салып, еш нәтиже шығармай отыр, – дейді Нұрлан Маханбетов.
Жалпы жерді шенеуніктердің заңсыз иеленуі – Қазақстандағы ең үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Ол жерлерді не елдің әуелетін көтеруге жұмсамайды, не халықтың жұмыс жасауына жағдай жасамайды. Осындай заңсыздықтардың салдарынан қаншама халық тіршіліктерін жасап, күндерін көре алмай келеді. Нұрлан Маханбетов малымызды жаяйық десек, «бұл жерге жайсаңдар, джиппен басып өлтіремін, кетіңдер» деп қуып шығады. Бұл түрімізбен қайтып үлкен ауыл боламыз. Ауылды жер болған соң, не тұрақты жұмыс жоқ, өз күнімізді өзіміз көрейік десек, жер жоқ. Сол себептен, жерді заңсыз иеленгендер мал жаятын жерді тұрғындарға қайтарып беруін сұраймыз» деп ауыл тұрғындарының атынан өтінішін білдірді. Қарасай ауданындағы жоғары лауазымды адамдар жоғарыда аталған жерлерді ауыл тұрғындарының игілігіне шешіп берсе, халықтың жағдайын ойлайтын шын жанаршырлар деп білер едік.