Жерге мұқтаж халықтың сұранысы ескерілуде
9 аудан және 1 облыстық маңызды қаласы бар Алматы облысының жер қоры қазір 10,5 млн гектарды құрайды.
Жер қатынастары басқармасының деректерінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4,2 млн га, оның ішінде егістігі – 457,8 мың гектар, оның суармалысы – 239,6 мың гектар, көп жылдық екпелер – 18,8 мың гектар, тыңайған жерлер – 55,3 мың гектар, шабындық – 63,1 мың гектар, жайылым – 3,5 млн гектарды құрайды.
Ауыл халқына жайылымдық жерлер жетіспей жатқаны белгілі. Жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру үшін облыста қоғамдық жайылымдарға қосымша 266,4 мың га жайылым бекітілді. Атап айтқанда, Балқаш – 62,0 мың га, Жамбыл – 12,5 мың га, Еңбекшіқазақ – 58,0 мың га, Іле – 4,3 мың га, Қарасай – 4,2 мың га, Кеген – 54,5 мың га, Райымбек – 20,6 мың га, Ұйғыр аудандары – 49,7 мың га және Қонаев қаласы – 0,6 мың га.
Сонымен, бүгінгі таңда, ауыл тұрғындардың малын жаю үшін барлығы 461,7 мың га жайылымдық алқап бекітілген.
Облыстың 6 ауданында жалпы көлемі 71,8 мың га жайылымдық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу жұмыстары жүргізілуде. Балқаш, Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, қолда бар жайылым алаңы халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Босалқы жер қорында азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін берілетін 1,1 млн га жайылым бар.
Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі (10 сотық жер) іске қосылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айы жағдайы бойынша Алматы облысы аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезегі 100 мың адамнан асты. Кезекте тұрғандардың барынша көп саны облыстың Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Талғар сияқты Алматы қаласына таяу аудандарында байқалады. Облыс бойынша 2022 жылға инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және дайындалған көлемі 212,68 га жер учаскелерінің саны 2445 құрайды. Аталған жер учаскелері кезек тәртібімен берілетін болады.
Облыс бойынша 2022 жылы жеке тұрғын үй құрылысына жалпы көлемі 10,93 га болатын 131 жер учаскесі берілді.
Халықтың мұқтажын жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерімен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу және алаңдарды дайындау үшін 1,94 млрд теңге көзделген (оның ішінде: Жамбыл ауданы – 378,5 млн теңге, Еңбекшіқазақ ауданы – 1,56 млрд теңге)
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген. Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.
Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып отыр. Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.
Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қонаев) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
2019-2021 жылдары аралығында Қонаев қаласы, Есік, Қаскелең, Талғар қалалары, Өтеген батыр, Ұзынағаш ауылдарында 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.
Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.