Жері мен елі үшін жаға жыртысқан Ахаңдар-ай...

Біздің қолымызда ССРО Бас прокуратурасынатиесілі қордан алынған құжат бар. Ол Ресей Федерациясының мемлекеттік архивіне(ГАРФ) тиесілі.
Іске байланысты берілген мәліметтен оның 1909 жылы,яғни патшалық билік тұсында полиция департаменті тарапынан ашылғанын аңғаруғаболады. 39 беттен тұратын бұл істе 1909 жылдың 26 июлінен келесі 1910 жылдың 6 мартына дейінгі Ахмет Байтұрсынұлының сотісіне қатысты құжаттық материалдар тіркелген. Тіркелген құжаттардан патшалықәкімшіліктің архив ісін жүргізуде жоғары мәдениет қалыптастырғанын байқауғаболады. Осы құжаттық материалдарды бізге дау-дамайсыз берген РесейФедерациясының Мемлекеттік архив қызметкерлеріне ризашылықтан басқа айтарымызжоқ. Өзіміздегі тура осы мазмұндағы материалдарды ала алмай отырған шермендекүйде екенімізді ескертпеске тағы шарамыз жоқ.
Істегі материалдар қамауғаалынған А.Байтұрсынұлы туралы толық мәлімет берілетін анкетадан басталады.Советтік кезеңге тиесілі тергеу материалдары да осы тәртіпті еске салады.Тергеу ісі бойынша тіркелген құжаттық материалдар осы анкетадан басталады. Бұларада екі жүйедегі саяси полиция қызметі арасындағы сабақтастық қатаң түрдесақталғаны байқалады. Сонымен, анкетадағы мәліметтер бойынша қамауға алынғанАхмет Байтұрсынұлы кім?
Айыптаушы ретінде жауапқатартылған қырғыз (қазақ – авт.) Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов – Қарқаралықаласындағы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі. Қамауға алынған кісітуралы алғашқы мәлімет «Лит.А» деген белгімен 1909 ж. 11 июльде №226 берілген.
«Туған уақыты: 1873 жылдың 5 сентябрі
Туған жері: Тосын болысы Торғай облысы
Діні: Магометандық, яғни мұсылман
Тегі: Қырғыз (қазақ – авт.)
Халқы: Қазақ, Торғай облысының
Азаматтығы: Орыстық
Тұрған мекені: Қарқаралы қаласы Семей облысы
Тіркелген жері: Торғай облысы Торғай уезі
Кәсібі: мұғалім
Табыс көзі: жеке еңбегі
Отбасы жағдайы: зайыбы – Бадри-Сафа Мұхаммед Садыққызы Қарқаралы қаласыныңтұрғыны. Қызметі жоқ. Балалары жоқ.
Туыстық байланысы: анасы –Күнші, бауырлары: Қали – 41 жас. Хакімжан – 40 ж., Махмұд – 36 ж. Байтұрсыновтар Торғай уезі Торғай облысында тұрады. Мал шаруасымен айналысады. Қарындасы – Зибиш Бисалы Баясыловқа тұрмысқашыққан. Торғай уезінде мал шаруасында.
Ата-анасының далалықтарға тәншаруасы бар».
Анкетада тергеудегі кісінің білім алған орны туралы сауалбар. Берілген жауапта 1886 жылыТорғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіп, онда бес жыл болып, 1891жылы толық курсын аяқтап шыққаны, тура сол жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, оның да толық курсын 1895 жылы аяқтап шыққаны туралы мәліметберілген.
«Кімнің есебінен білім алды»деген сауалға «Шаңырақ басынан жиналған салық есебінен» деген жауап бар. Ахаңата-анасы арқылы алған діни сеніміне үлкен ыждағаттықпен қараған. Жеңілболмаған өмір жолында ислам дінінің негізгі талаптарын орындауға ден қойған.Мәселен, сүйікті жары Александра Ивановна Ахаңды сыйлағандықтан болса керек,мұсылмандыққа өтіп, мешітке барып, Бадрисафа Мұхаммед Садыққызы есімін алған.Отбасында мұсылмандық талаптары сақталған. Ахаң тіптен ауыр жағдайда, лагерьдежүріп те ораза ұстаған. Ол жөнінде өмірлік досы Әлекеңе (Ә.Бөкейханов) жазған.
«Қандай негізде жауапқатартылды» деген сауалға: «Қарқаралы уездік бастығы жүргізген тергеу ісі бойынша Ахмет Байтұрсынов қазақтар арасындасепараттық мазмұнда үкіметке қарсы үгіт жүргізген, сондай-ақ (жер аударылғанқазақ Ақбаевты қайтару туралы) арыз-хат даярлап, оған қол жинаған» депжазылыпты.
Қарқаралы қаласында 1909 жылы 1июль күні үйінде тінту жүргізіліп, тұтқынға алынған.
«Тінту кезінде көзге түсерлікне алынды» деген сұрауға: «Қылмысқа лайық ештеңе де көзге түспеді» деген жазужазылған.
Осы арада мынадай бір детальғакөңіл аударуға тура келеді. Ахаңды июльдің 1-інде қамауға алады да, тергеужұмысын июльдің 16-сында бастайды, яғни жарты ай абақтыда ұстаған. Бұл, әрине,полицейлік режим тарапынан тұтқынға алынған тұлғаны сындыру, оған жасалғанқысымның түрі еді. Тұтқынға алынған тұлғаға байланысты тура осы қысым түрінкейін патшалық режимнің орнына келген советтік саяси полиция органдары да іскеасырды. Бұл екі режим арасындағы өзара сабақтастықтың нақты көрінісі болатын.
№261 анкетаны Омбы жандармбасқармасы бастығының көмекшісі ротмистр Левановский қолын қойып бекіткен. Күні1909 ж. 26 июль. 3)
Сонымен, анкетадғымәліметтерден байқағанымыздай, Ахаң орыс-қазақ училищесінде бес жыл оқып, артынала білімін Орынбордағы мұғалімдер мектебінде жалғастырып, мұғалім дегенмамандық алумен аяқтайды. Оқуын аяқтағанда ол 22 жастағы жігіт еді. Ұлы дарыниесіне осы алған білімі елін азаттық және теңдік үшін күрес жолына бастапшығуға негіз болды.
Анкетада берілген мәліметтерденкөңіл аударуға лайық келесі мәселе, әрине, Ахаңды полиция департаментініңқандай себеппен қамауға алғаны болса керек. Бұл сауалға байланысты тергеушіанкетада А.Байтұрсынұлы «қазақ арасында сепараттық мазмұнда үкіметке қарсыүгіт-насихат жүргізді» деп көрсеткен, бірақ іс жүргізуші жаққа бұл аргументжетімсіз көрінген сияқты. Сол 1909 жылы 2 желтоқсанда, яғни бес айдан соң,ротмистр Левановский «А.Байтұрсынов 1905 жылдан бастап қазақ арасында қылмыстыүндеу таратып, қазақтарды салық төлемеуге, қоныс аудара келгендерге жербермеуге және басшыларға бағынбауға шақырды» деген айыптаулар қосады.4)
Сонымен, жандарм тарапынанқамауға алынған А.Байтұрсынұлына таңылған алғашқы кінә, міне, осы мазмұндаболды.
Осы арада Ахмет Байтұрсынұлыжәне оның серіктері тарапынан саяси билікке қарсы аталған әрекеттер орын алдыма деген сауалдың тууы, әрине, толық негізді.
Қазақ жерінде Ресей билігінің беделі болдыма?
Отандық тарихнамада ұлтбасшыларының патшалық, оның орнына келген советтік жүйелер жағдайында ұлттыңболмыс-бірегейлігін сақтауға байланысты ел арасында жүргізген үгіт-насихатжұмысына жете көңіл аударылмады. Ұлттық басшылықты биліктің елге жасағанқиянатына қарсылық жасай алмаған әлеуметтік топ ретінде көрсету ұстанымыбайқалды. Бұл тарихи шындыққа сәйкес келмейтін баяндау еді. Тарихи фактілердіңкөрсетуіне қарағанда, ұлт оқығандары ресейлік биліктің көпе-көрінеу зорлыққакөшкенін көре отырып, елді қарсылық көрсетуге үндегені рас болатын. Ал бұлқарсылық халыққа оның ауыр жағдайын түсіндіруден, қиянатқа нақты әрекетпенжауап беруге шақырудан басталған-тын.
Өз ретінде бұл мәселені орысбилігінің қазақ даласында беделі болды ма деген сауалға жауап іздеуден бастағанжөн. Орыс билігінің қазақ даласында беделі еш уақытта болған емес. Бұл арадаоны ежіктеп санап жатпай, мынадай екі себебіне ғана тоқталу жеткілікті.
Біріншіден, орыс әкімшілігініңқазақ халқына жасаған ең үлкен қиянаты оның жер саясатынан көрініс тапты. Орысбилігі өзінің тойымсыз және әділетсіз мазмұнын қазақ жеріне байланыстықабылдаған заңдық актілері және соған сүйеніп жүргізген переселен саясатыарқылы танытты. Жерді отарлау үрдісінің басында үкіметтің қолдауына сүйеніп,жаңа қоныс іздеген орыс шаруалары жүрді.
Екіншіден, еуропалықмемлекеттер өз елдерінің экономикалық-әлеуметтік дамуының алғышартын халыққабілім беруден іздестірді. Өзінің ішкі губернияларында көпсатылы білім жүйесінқалыптастыру ісін қолға алған Ресей билігі қазақ сияқты отарлық езгідегіхалықты білімсіз, надан күйінде ұстауға мүдделілік танытты. Білімсіз, өзжағдайын жете түсінбеген халықты алдап-арбап басқару оған жеңіл көрінді.Жоғарыда А.Байтұрсынұлының Е.П.Пешковаға жазған хатында көрсетілгендей, «қазақтілінде жазуға, оқуға, білім алуға рұқсат берілмеді, сондықтан да бұл тілдеағартушылық қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін қарапайым даярлық та болғанжоқ, яғни оның алфавиті, орфографиясы, грамматикасы, тіл теориясы, оқулықтары,баспа әдебиеті, газеттері болған емес».
Қорыта айтқанда, қазақ жеріндеқалыптасқан ресейлік билік жүйесі отаршыл мазмұндағы жүйе болды, ол жергіліктіхалықты мәжбүрлеу арқылы өз тіліне және заңына бағындыруды көздеді.
Міне, осылай қалыптасқанжағдайда қазақ зиялыларына, оның Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы бастағанотаршыл билікке қарсы күрес жолын ұстанған бөлігіне ел арасында түсіндіружұмысын жүргізуден басқа амал қалған жоқ еді.
Қарсылықтағызиялылардың үгіт-насихат қызметі
Алғашқы буын ұлт зиялыларының қазақ қоғамынаалып келген жаңалықтарының бірі саяси үгіт-насихат жұмысы болды. Омбы жандармбасқармасы бастығының көмекшісі, ротмистр Левановский 1909 жылы желтоқсанда «Совершенносекретно» деген 495-ші рет санымен Ахмет Байтұрсынұлының үкіметке қарсықызметіне байланысты полиция департаментіне 23 беттен тұратын анықтаматүсіреді. Бас прокуратураның архивіндегі А.Байтұрсынұлының ісінде сақтаулы бұланықтамадан ротмистр Левановскийдің арнайы тапсырмамен жылға жуық (мүмкін, оданда көп – авт.) уақытта Ахаңның және оныңмүдделес достарының ел арасындағы қызметіне байланысты үлкен ыждағаттылықпентүрлі фактілер жинап, ол фактілерді билік ұстанымы тұрғысынан қорытып, полициядепартаментіне жеткізуге тырысқаны байқалады. Бұл құжаттағы негізгі ой, әрине,А.Байтұрсынұлы мен оның серіктерінің қазақ қоғамы арасында жүргізген үгіт-насихатжұмысының мазмұны, сондай-ақ бұл қызметке ел арасынан тартылған тұлғалардыңкімдер екені туралы мәлімет еді.
Қазақ қоғамын отарлаушы биліккеқарсылық көрсетуге шақырып, ашық үгіт-насихат жұмысын бастаған тұлға ЖақыпАқбаев болды. Ол 1905 жылы қарашаның алғашқы күндерінің бірінде Павлодардағыбазар алаңында қала тұрғындары мен қырдан келген қазақтар қатынасқан шеруде сөзсөйлеп, патшалықтың әділетсіз отарлау саясатын ымырасыз сынға алып, қоғамдыоған мойынсынбауға шақырады. Ал оның Павлодардан Қарқаралыға бет алуы жол-жөнекейүгіт сапарына айналады. Ж.Ақбаевтың Қарқаралыда өзінің келуіне байланыстыұйымдастырылған шеруде сөйлеген сөзіне байланысты Семей губернаторының полициядепартаментіне берген мәліметінде Ж.Ақбаевтың қазақтарды «билікке бағынбауға,даладағы орыс стражниктерін жазалауға шақырып, ұлы мәртебелі императордың атынақорлау сөздер айтқаны» туралы баяндалады.
Билікке қарсы бұл ашық саясиұстанымы үшін Ж.Ақбаев 1909 жылы Жетісу облысы Қапал қаласына жер аударылды.
Ротмистр Левановскийанықтамасында А.Байтұрсынұлына байланысты тергеу ісінің басталуына түрткісалған Ж.Ақбаевты жер аударудан қайтару туралы Қарқаралыда арыз-хаттыңұйымдастырылуы болғандығын, ал бұл құжатты даярлаушы ретінде күдіктің А.Байтұрсынұлынатүскенін жеткізген. «Қарқаралы уезі бастығының куәларын тергеу арқылы, сондай-ақөзімнің құпия тексеру барысында алған мәліметтеріме қарағанда, Байтұрсынов 1905жылдан бері, – деп жазды ол, – қырғыздар арасында салық төлемеуге, қоныс аударакелгендерге жер бермеуге және басшы қызметкерлерге бағынбауға шақырған үндеулертаратқан».
Анықтамада баяндалғанфактілерге қарағанда, Ахаң 1905 жылы жалпы империя көлемінде қоғамның көңіл күйіндеқалыптасқан жағдайға сүйене отырып, ел ішіне шығып беделді тұлғалармен, болысбасқарушыларымен әңгіме-кеңестер өткізген. Бұл істе оған Кент болысыныңбасқарушысы Кәрібай Матаев, бұрынғы Қу болысының басқарушысы, кейін іскерліккекөшкен Хасен Ақаев және басқа ел ішіндегі сауатты әрі белсенді адамдар көмеккекелген. Мәселен, Қу болысының бұрынғы басқарушысы болған Хасен Ақаевтыңұйымдастыруымен уездегі болыс басқарушыларының жиналысы өтіп, онда елдеқалыптасқан жағдайға байланысты сол кезеңдегі Қарқаралыдағы екі кластықорыс-қырғыз училищесінің директоры А.Байтұрсынұлымен кездесу өткізіледі. Солжиналыста сөйлеген Ахаңның сөзінің мазмұнын Левановский Ақшатау болысыныңбасқарушысы Амантай Адамбаевтың және Ақсары болысының құрметті ақсақалы, 74 жастағыМыңғырбай Байдәулетовтің баяндауы бойынша береді. Бұл арада, әрине, жиналысқақатысқандардың айтқанын жеткізіп отырған жандарм мекемесінің офицері екенінесте ұстаған артық емес.
Сонымен, Амантай Адамбаевтыңайтқаны: «1905 жылға дейін дала халқы тыныш өмір сүрді, ал осы жылдың соңындаҚарқаралыға Жақып Ақбаев келіп, қазақтарға басқа мемлекеттердегі жұрт еркінөмір сүруде, оларды бастықтары ықтырмайды, сендер де бастықтардан қорыққандықойыңдар, олардың бұйрықтарын орындай бермеңдер, салық төлемеңдер» деді.Байтұрсыновтың да сөйлеген сөздері қамауға алынғанға дейін осы рухта айтылды.Мәселен, ол бір сөзінде мынаны айтты: «Қазіргі уақытта социал- демократиялықпартияның ұстанымы үстем түсуде, соған байланысты сіздер сұрағандарыңызды алааласыздар. Орыс патшасы бұрынғыдай бұйыра алмайды, ол соншалықты әлді емес.Сіздер тура түсініңіздер, – деп жалғастырды сөзін Байтұрсынов, – егер орыспатшасы бұрынғыдай қуатты болса, мемлекеттік думаны шақырмаған болар еді, солсияқты ол «17 қазан манифесін» де өз қалауымен беріп отырған жоқ, халықтыңталабын орындауға мәжбүр. Орыс патшасынан сол бұрынғыдай қорқа берудің қажетіжоқ, оның сүйенгені қазіргі уақытта орыс-казактар ғана. Салық төлеу міндеттіемес. Ресейде орыс шаруаларының мойнында төленбеген салық миллиондап саналады,оларға ештеңе де істей алмай отыр, өйткені олар қорқақ емес, ал сендер бастықдесе, қорқасыңдар. Отырықшы өмірге өтіп, поселке құрмаңдар. Поселке құрсаңдар,сендерді орыс дініне өткізу жеңілдейді, онда жан басына 10 рубльден салықтөлейтін боласыңдар, сендерден солдатқа адам алатын болады. А егер күшпенотырған жерлеріңді тартып ала бастаса, онда Қытайға немесе Ауғанстанға көшіңдер».
ЖақыпАқбаевты жер аударудан қайтару туралы арыздың алғашқы нұсқасын жазғанБайтұрсынов. Байтұрсынов бір сөзінде: «Қазақ халқы арасындағы еңбегі құрметтіжалғыз адам – ол Әлихан Бөкейханов, ал бірақ ол қазіргі уақытта қиын жағдайда(Әлекең бұл кезде Самара қаласына жер аударылған еді – авт.), көмекке мұқтаж.Соған байланысты әрбір болыс басқарушысы жылда, салықты жинап өткізер алдындаӘлихан Бөкейхановқа 50 рубльден жіберіп отырған болса, сонда ол үкіметтіңсаясатын түсіндіруге арналған газет шығара алатын еді, сондай-ақ мемлекеттік думамүшелерінен адам тауып, қазақ халқының мүддесін қорғау жолдарын қарастырғанболар еді», – дейді.
Байтұрсыновтың осы ұсыныстарыніске асыруды қолға алған Кент болысының басқарушысы Кәрібай Матаев осы жылдыңшілдесінде болыстарды аралап шыққан, ал бірақ болыс басқарушылары, бұл ұсынысқакеліспеген. «Бөкейхановқа байланысты Байтұрсынов осы жылдың қаңтарындаҚарқаралы қаласында өткен болыс басқарушылары қатынасқан жиналыста да айтты.Байтұрсыновтың барлық сөйлеген сөздерін мен өзім де тыңдадым, басқа да қазақтарданестідім. Қу болысының болыс басқарушысы туралы айтарым, ол Ақбаевты айдауданқайтару туралы арызға қол қоюды ұйымдастырды. Егер Ақбаев қайтып келетін болса,жұртқа көмектесетін болады деді. Байтұрсыновтың пікірлесі Ақшатау болысыныңқазағы Бодаубек Райымбеков. Ол да Байтұрсынов айтқан пікірді қыр қазағыарасында таратушылардың қатарында, қазақтарға ел аралауға шыққан бастықтарғалау бермеуге шақырады, үкіметке қарсы мазмұндағы кеңестер береді».
А.Байтұрсынов пен оныңсеріктерінің өкіметтің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт жұмысы отарлаушыжүйенің жүрегіне оқтай қадалған еді. Өйткені орталықтағы биліктің мақсаты қазақтардытез арада ес жидырмай, отырықшы тұрмысқа өткізу арқылы біраз жерді босатыпалып, оларға ішкі Ресейден орыс шаруаларын көшіріп әкеліп қоныстандыру, сөйтіп,болашақта қазақ жерінде сандық тұрғыдан күш алу еді.
Мәмбет Қойгелді, тарихшы