Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:40, 10 Ақпан 2022

Жеті атасын білген ұл

None
None

     Бұрын ата-бабамыз жеті атаға дейін қыз алуға тыйым салды. Бұл дәстүр қазір де күшінде.

Жастарға айтарым – қанды тазартып, дарынды, таланатты бала сүйем десең басқа жүзден жар таңда.                                                                                                    

        Кезіндемектепте тарих сабағынан мұғалім болдым. Үнемі ізденіс үстінде жүретінім көпшілікке ұнамай, ұжымдағылар маған біртүрлі қарап, кейбіріне олардың түсінігінше артық қылықтарым «бұзық, бәле іздеген жан» болып көрінетін еді. Оны бетіме ұжым болып та айтып жүрді. Үнемі ойымнан кетпейтін: «Бір сыныпта – 25 оқушы бар. Солардың екеуі немесе біреуі ғана жақсы оқиды. Неге? Мектеп, қоғам, мұғалім, оқулықтар, заң, ел біреу ғана, қорытындысы – бір-екі бала ғана жақсы оқиды. Басқалары соншалықты – дарынсыз, ақылсыз, қабілетсіз бе деген ой келді. Әсіресе, мектепте Ақмола облысының Қорғалжын ауданы мен Моңғолиядан көшіп келген қазақтың балалары басым болды. Бесінші сыныптың тарих сабағында екі сағат оқытатын, жеті атасын білу жөнінде тақырып бар еді. Оқушыларға үй тапсырмасына «жеті аталарыңды жазып келіңдер» деп тапсырма бердім. Келесі сабақта кім жазып, кім жазбағанын тексеріп отырып жақсы оқитын ұл мен қыздың руларына мән берсем бірінің әкесі – Кіші жүз, анасы – Орта жүз.

Екіншісінің әкесі – Орта жүз, анасы – Ұлы жүз екен. Басқа сыныптарда да солай болып шықты. Жүздер арасынан қыз алысқанда ғана дарынды бала дүниеге келеді деген ойға келдім. Басқаларын қайта қарап шықсам, ақмолалықтар екі жүз жыл бойы – Арғыннан тараған балалардың да жеті атасына дейін – Арғын рулары. Моңғолиялық қазақтардың керейден тараған рулар екі жүз жыл бойы бір-бірінен қайта-қайта қыз алысып, жеті атасына дейін – Керей рулары. Ойлап қарасам, үйленген екі жас бір бірімен ағалы- қарындастай болып кеткен. Қан тазалығын сақтау мақсатында, қаны жақын, әулеттес, рулас қыз бен жігіттің өзара үйленуіне, некеге тұрып, тұрмыс құруына аталарымыз жол бермеді. Жақын рулар бір-бірін ала берген соң қан сұйылып кетеді. Сұйық қаннан су ми пайда болады емес пе? Әрине, сосын қабілеті, ес, нашар дамып, дарынды, таланттылар деген сирек кездеседі. Түркістан облысында – Қоңырат, Қаңлы руынан, Таразда – Дулат руынан, Қостанайда – Қыпшақ руынан, Батыста – Жетіру, Байұлы, Адай руынан, Алматы облысынан – Үйсін, Албан, Суан руынан, Шығыста – Найман, Уақ руынан тараған рулар бір-бірін алып келе жатқанына қанша ғасырдың жүзі болды. Бір рудан ала берген соң, қабілет төмендеп, араққа салынып, білімге құштарлық жойылып, бұзақылық пен жалқаулыққа ұрынды. Отырықшы  болғанның кесірінен де ұлттың сапасы түсіп кетті. Біздің жауларымыздың зерттеушілері қаншама жыл қазақ даласына келіп, қазақтың ру-тайпалық жүйесін, фольклор, мәдениетін, тарихын еріккеннен зерттеген жоқ. Қазақтың асыл қасиеттерін, ұлттық құндылықтарымызды жою үшін шетелдерде қаптаған зерттеу орталықтары мен институттарын ашып тастады. Қазақты аттан түсіріп отырықшы қылса рухынан, айбынан, өрлігінен, дарынынан, талантынан айырылатынын білді. Ресей боданына түсіп, Қазақ халқы отырықшы болғасын көршісінен де жеті атаға толса қыз ала беретін болды. Бұдан туған ұрпақтар толық қанды жан болып туылғанмен айбынды, өр, жауынгерлік рухты, талант, дарын болмайды.                                                                                               Ұрпақ қамын ойлаған аталарымыз ертеде Солтүстік пен Сарыарқа қазақтары Арғын, Қыпшақ, Уақ, Найман қыс айларында қары аз, мал тебіндеп жеуге жақсы батысқа, оңтүстікке малын айдап қыстап қайтатын. Оңтүстік қалаларында сауда жасап, бала оқытып, ат-әбзел жабдықтарын, құрал-саймандар алып, мал, ет, жүн, тері сатып сауда жасаған. Сонда үш ай қыстап, сол жақта жүріп Кіші жүз бен Ұлы жүз қазақтарымен қыз алысып, қыз берісіп, той жасап, көкпар тартып құдандалы болған. Жүздер арасында қыз алысқан соң талантты да, дарынды қаны таза батыр жігіттер мен ибалы, инабатты ақылды қыздар көп болды. Қазақта қан тазалығын сақтаудың тағы бір жақсы көрінісі – бір кезде бірін-бірі танымайтын рулардың, тайпалардың кісілері қыз алысу арқылы, құда-жекжат болу арқылы, екі аймақ арасында ынтымақ орнатты. Ұзатылған қыз алыс жатқан елдердің, тайпалардың, рулардың арасындағы достықтың дәнекері болды. Қазір көбінесе, басқа облыстардың қыздарына үйленген отбасыларынан мықтылар шығып жатады.

       Қалаларда бір ғасыр немесе жарты ғасырдан асық тұратын қазақ отбасылардан тараған ұрпақтардың балалары көршісін танымайтын, төрт қабырғаның ішінде өсетін, құмыраға отырғызылған гүл сияқты. Бұлар – басқа жүзден қыз алса да, балаларында талантты, дарынды өте сирек кездеседі. Табиғат пен ата-баба рухынан тамыры үзілген соң, уақыт өте келе таланты мен дарыны жоқ балалар, ағайын-туыс, жекжаттан алыстап, жеті атасын ұмытып, бөтенге айналады. Қаланың бассейінінен, спорт залынан, үйірмелерінен талантты шықпайды. Миллиондардың бірі ғана болады. Сондықтан балаларымыз нағыз қазақ, дарынды болып, жеті атадан түсіп қалмайын десеңіздер, ауылға көшіңіздер.

Тегтер: