09:12, 02 Мамыр 2023
Жеті жастағы оқушыны өлгенше сабаған жаттықтырушыға қылмыстық іс қозғалды
Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған.
Оқиға басқа балалардың көзінше болған, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы бала мойнын сындырып алған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағаныен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Жантүршігерлік жайт спорт мектебіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.
Халиловтың өзі ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.