Жетісу облысы: аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
ҚР Қорғаныс министрлігі әзірлеген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тағы бір бағыты.
Жобаның бір саласы – «Қарулы Күштерді жаңғырту». Ұлттық жобаны іске асыру қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында қарудың тәжірибелік үлгісін шығаруды, сондай-ақ әскери нысандарды жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент жетекшісі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов осы тоқсан басында Талдықорған гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде болып қатқан болатын. Қорғаныс министрі бастаған комиссия Қ.К.Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыру және Мемлекет басшысының оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында комиссия нысандардың диверсияға қарсы және өрт қауіпсіздігін, тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды, әскери техникалар паркін және қару-жарақ қоймаларын тексеріп, әуе базасы бөлімшесінің жабдықталуымен, оның жауынгерлік мүмкіндіктерімен, ұшу және инженерлік құрамның дайындығымен, әскери инфрақұрылымның жай-күйімен танысты. Қорғаныс бөлімінің бастығы гарнизонға орналастырылған арнайы жасаққа ерекше назар аударды. Оқу-материалдық база, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру, техникамен, арнайы құралдармен және әскери техникамен қамтамасыз етілуне назар аударды.
Антитерроризм
Өткен аптада Талдықорғанда «102» дабыл линиясына облыстық полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дабыл бойынша көтерілген саперлар, кинологтар және әртүрлі мамандар барлық үй-жайларды тексеріп шықты. Алайда хабарлама жалған болып шықты. Полицейлер терроризм актісі туралы жалған хабар берді деген күдікпен Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам «әзіл-қалжыңы» үшін өкініп, қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Оның мас күйінде айтқан «әзілі» қылмыстық жауапкершілікке айналды. Облыстық полиция департаменті қылмыскерге 15 миллион теңгеден астам ірі көлемде айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатынын хабарлады.
Қылмыстық қару-жарақ
Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 552-шақырымында жергілікті тұрғындар күдікті сөмке тауып алған. Ағаш түбіндегі бос жерге жасырылған сөмкеде оқ-дәрілер мен қару-жарақ болған. Оқиға орнына шақырылған полицейлер аңшылық тегіс қос ұңғылы мылтық, нөмірлері жойылған 12 калибра, «Стражник» МП-461 травматикалық тапаншасы, 18х45 мм калибра, сонымен қатар бронды кеудеше және 20 патрон, 5,45 мм және 9 мм калибра тәркілеген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігінде көзделген факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның аясында күш құрылымдары қарудың иесін анықтауға әрекеттенуде.
Тонаушылық
Тамыз айының басында Талдықорған полицейлері кеңсесінен бриллиант әшекей бұйымдары мен қолма-қол ақшаны ұрлаған логистикалық компанияға батыл қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстаған болатын. Шілденің 26-сы күні құрылыс-өндірістік нысандарға қойма алаңын жалға берумен айналысатын жергілікті фирмалардың бірінің иесі тонау фактісі бойынша қалалық полицияға арызданған. Кәсіпкер түнде оның кеңсесіне белгісіз екі адам кіріп, 63 жастағы күзетшіні байлап алып, сейфті бұзып кіріп, одан жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге жуық ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Қылмыскерлер алтын сағатты, әйелдер жүзігі мен сырғасын, сондай-ақ гауһар тасты алқа, жүзік, сырғаларды алып кеткен. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар көршілес Алматы облысынан келген Қарасай ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың бұрын топтық тонау жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттардың бір бөлігі, сондай-ақ қылмыс кезінде пайдаланылған қолғаптар мен бетперделер тергеу кезінде айғақты зат ретінде тәркіленді.
Есірткі бизнесі
Талдықорған маңында, Алматы-Өскемен тас жолында полиция қызметкерлері ұстаған Daewoo Lacetti автокөлігінен Синтетикалық есірткі болып табылатын 2 келіден астам мефедрон табылды. Шетелдік көліктің 24 жастағы Ескелді ауданының тұрғыны қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296- бабы (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ең қауіпсіз қала
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында Талдықорған қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының жұмысына оң баға беріп, бейнебақылаудың маңыздылығын атап өтті. «Қауіпсіз қала» жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Облыс орталығында 871 бейнекамера қосылған. SmartCity жобасы аясында Талдықорған – еліміздегі ең қауіпсіз қалалардың бірі.