Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:41, 30 Тамыз 2022

Жетісу облысы жемқорлықпен күресуде

None
None

Аумақтық бөлімшелер жұмысы

Ашықтық пен әділеттілікке негізделген азаматтық қоғам құру – бүгінгі күннің басты талабы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздің стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің құрамында үш негізгі блок жұмыс істейді: алдын алу департаменті, Жедел іздестіру басқармалары, оның нәтижелері соңғы жылдары қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты жоюдың оң үрдісін көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының негізгі бағыты профилактикалық іс-шараларға бағытталған. Басқарма мемлекеттік сатып алу саласындағы жариялылық пен ашықтықты арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді. Көрсетілген мерзімде сатып алу бағаларын қайта қарау арқылы 972 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жедел-іздестіру жұмыстарының желісінде 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін департаментте сыбайлас жемқорлықтың 393 фактісі тіркелді, оның ішінде 252 ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар. Сотқа 452 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құрылымдары бойынша – 291.

Лауазымды тұлғалар сотталды

Қылмыстық жауапкершілікке 194 адам тартылды, оның 22-сі арнайы және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, оның ішінде 7 түрлі деңгейдегі басшылар. Жергілікті атқарушы органдардың 61 лауазымды тұлғалары, 22 мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, оның ішінде 7 әкім мен олардың орынбасарлары. Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған 2 адам (судьялар). Сотқа түскен қылмыстық істердің басым бөлігі пара алу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қаржы жымқыру фактілеріне қатысты. Аяқталған істер бойынша келтірілген шығын көлемі 9,2 млрд теңгені құраса, оның 8,3 млрд теңгесі немесе 90,2 пайызы өтелді. Күдіктілердің 136 миллион теңге мүлкіне қамауға алынды.

Ынталандыру шаралары

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап заңнамалық деңгейде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру институты жұмыс істейді. Көрсетілген мерзімнен бері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін хабарлаған 22 тұлғаға 4 088 190 теңге сыйақы берілді.

Кәсіпкерлерді әшкерелеу

Осы аптада екі облыстың – Алматы мен Жетісудың тұрақтандыру қорына бөлінген қаржы басқа мақсатқа жұмсалғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша басқарма басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев:

— «Жетісу» ӘКК қызметінде тұрақтандыру қорына бөлінген 400 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Кәсіпкерлер азық-түлік сатып алудың орнына, шығарылған қаражатты айналымда ұстаған, кей жағдайда жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ «Жетісу» ӘКК несие бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асырмағаны анықталды, — деді.

«Жетісу» ӘКК облыстың өңірлік даму мекемесі болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи техникамен және тұқыммен қамтамасыз етіп, инновациялық және өңдеуші кәсіпорындарға инвестиция құйып, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлес қосып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Айта кету керек, биылғы жылы облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жетісу» ӘКК қызметіне сыртқы талдау жүргізіп, нәтижесінде 27 қауіпті анықталған болатын.

Медицина саласындағы мониторг

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті өңірдегі медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша медициналық мекемелердің қызметіне мониторинг жүргізді. Кеңес барысында Антикор өкілі Департамент мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бойынша дәрі дәрмектер мен медициналық заттардың сатып алу кезінде шекті бағадан асырмау керек. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ведомстволық бағынысты мекемелерді тиісінше бақыламағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық сипаттағы жауапкершілік туралы қатаң ескертілді, өйткені Ереженің 196-тармағына сәйкес бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлеміне өтінімдерді орналастыратын медициналық ұйымдарға мониторингті жүзеге асырады.

Тегтер: