Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:02, 08 Қыркүйек 2022

Жетісу облысында жемқорлық тәуекелдер картасы ұсынылды

None
None

Жыл басында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы қабылданды.

Ол стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою және оның деңгейін төмендету бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Тұжырымдама институционалдық және мақсатты бағыттарды қамтиды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам субъектілерінің сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмысқа қатысуын көздейді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл жұмыстың нәтижелі болуы жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өздеріне жүктелген іс-шаралардың дұрыс орындалуына байланысты екенін баса айтып өткен болатын.

Тамыз айының ортасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру комиссиясының сарапшысы Жазықбаев А.Т. облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізген болатын. Отырыс барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тимур Теміралиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат 2022-2026 жж. тұжырымдамасының негізгі ережелерін жария етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы жаңа тенденциялар тыңдаушылардың назарына ұсынылды. Фактіден кейін әрекет етуден сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға  баса назар аударылды. Негізгі күш-жігер халықты алаңдататын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің мақсатсыз жұмсалуын алдын алу.

Осыған орай облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қарастыруға ұсынылып, онда анықталған сыбайлас жемқорлық бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы құқықтық құралдар – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, оларды іске асыру тетігі ұсынылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Тимур Теміралиев:

– Сыбайлас жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастауы керек. Ортақ күш-жігер арқылы осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күресте нақты табысқа қол жеткізе аламыз. Ал Қаратал ауданы бойынша қылмыстық-құқықтық статистика аталып өтілді. Осы жылдың 7 айында өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өскені (66-ға қарсы 100) байқалады. Дегенмен цифрлық деректер нақты көріністі бермейтіні атап өтілді: «...әр деректі жеке түсіну керек. Мысалы, өсім белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде қызметі жолын кескен көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкерінің пара алуының көп эпизодтық фактілеріне байланысты. Яғни, бұл мәселеде суреттің объективтілігі үшін тартылған субъектілердің санын басшылыққа алу қажет».

Көксу ауданы бойынша есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін хабарлағаны немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де жолмен жәрдемдескені үшін 500 мың теңгеден астам сомаға 3 тұлға марапатталды.

«Антикор» қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін басшылықтың жауапкершілігін еске салады. Агенттіктің 1424 телефоны бойынша байланыс орталығының жұмыс істейтінін хабарлайды.  Оның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету.

Тегтер: