08:06, 16 Қаңтар 2023
Жетісу және Алматы облыстарында қатты аяз болады
Қазгидромет синоптиктері 16 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман бар.
Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аудандарында — 28-33 градус аяз, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады.