Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:07, 03 Желтоқсан 2022

Жетісуда есірткіге қарсы жұмыстар жүргізіліп келеді

None
None

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Жетісу облысында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларды, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа, т.

б қылмыстық істерге қарсы шаралар орындалып келеді.

Мәселен, Жетісу әуежайында қылмыстық әрекеттің жолын кесу мен қылмыстық жауапкершілікке тарту, есепке қою мақсатында заңға қарсы әрекеттермен айналысатын бөтен қалалық тұлғаларды анықтау, есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтау бойынша әуежайлардың қызметкерлері күнделікті тексеріс ұйымдастырып келеді.  

Әуежайдағы атқарылып жатқан жұмыстардан бөлек, облыстарда ПИК және ОСИ қызметкерлерімен қылмыстық істерге қатысты дәстүрлі жиындар өткізіліп тұрады. Дәстүрлі жиындарда қылмыс қараңғы жерлерде және бейнекамералар жоқ жерде көп орын алатындықтан, көшелерді жарықтандыру мәселелеріне аса назар аударылды. Мысалыға, қазіргі уақытта Жетісу ауданының елуден астам тұрғыны полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетіп, рейдтік іс-шараларға, із-түссіз жоғалғандарды іздеуге белсене қатысып келеді. Осындай өзара іс-қимылдар арқылы облыстағы қылмыстардың алдын алуға оң әсерін тигізетіні белгілі.

Сондықтан қылмыстық істер, есірткі тұтыну, ақпараттық технологияның дамуы аясында есірткі және психотроптық заттарды сатып алу қолжетімді болуы секілді тірліктер қараңғы, қуыс жерлерде жасалатындықтан, көшелерді жрықтандыру бойынша жұмыстар легі басталып кетті.

Сонымен қатар мектеп жасындағы балалар арасында есірткіге тәуелділік пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәрбие – баршаға ортақ!» атты он күндік жоспарын іске асыру мақсатында Жетісу облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Меруерт Сейітқызы мен профилактика бойынша облыстық психологиялық денсаулық орталығының маманы Татьяна Чевненколаның ұйымдастыруымен 8-9- сынып оқушылары арасында «Есірткісіз болашақ» атты нашақорлық, электронды темекінің ағзаға өте зиян екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға насихат жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға насихат жұмыстарын жүргізуден бөлек, жалпы облыста есірткі жарнамалайтын екі мыңға жуық сайттар бұғатталды. Жалпы есірткі саудасы осы уақытқа дейін интернет және электронды төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылып келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлаған болатын. Ол мәлімдесінде: «Есірткі сайттарының негізгі бөлігі «Киберндзо» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде бұғатталды. Соның ішінде жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын екі мыңға жуық сайт бұғатталып, телеграмм мессенджерлерінде бір жарым мыңға қол жеткізу мүмкіндігі шектелген. Бірақ біз халықтың барлығына дерлік шектеу қоя алмаймыз, әрі төлемақыларды тоқтата алмаймыз. Сол себептен, Қазақстандағы ең танымал онлайн-платформалар мен төлем жүйелерінің меншік иелерінің өкілдіктері мен кеңселерін кеңейту құзыреті органдарынан теңдестірілген шешім әзірлеуді талап етеді. Тек осылай ғана олардың қызметін біздің Жетісу облысында құқықбұзушылық пен есірткіге қарсы іс-қимыл жұмыстары атқарылып келеді. Бұл болашақтың есірткісіз қалануына үлкен негіз болатынына сеніміміз мол.

Тегтер: