Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:31

Жетісу облысында әкім орынбасары 5 жылға сотталды

Солтүстік
Фото: ашық дереккөз

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Арқарлы ауылындағы электр желілерін салу және қайта жаңғырту барысында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған.

 Тергеу дерегінше, лауазымды тұлға іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға қол қойып, соның салдарынан бюджет қаражаты 189 млн теңгеден астам сомаға заңсыз аударылған. 

Мемлекеттік айыптау сотта шенеуніктің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты («ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану») жасағанын толық дәлелдеді.

Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мүлкін тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.