15:49, 07 Қазан 2024
Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 34 млн теңге бюджет ақшасын жымқырған
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықталды.
2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады. Келтірілген шығын 34 млн теңгені құрады, делінген хабарламада.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді