Бүгін, 10:16
Жетісу облысында екі көлік соғысып, бес адам қаза тапты
Жетісу облысы Ақсу ауданында жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды, тағы екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 қаңтар күні сағат 15:30 шамасында «Көшкентал-Қапал» автожолының 4-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы екі жеңіл көлік соғысқан.
Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жетіп, алғашқы тексеру жұмыстары жүргізілген. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапқан. Ал екі жолаушы дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда жол апатының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.