Жетісу облысында петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге тыйым салынады
Әкімнің айтуынша, енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді.
– Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдадық. Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Тиісті сот шешімі бар. Яғни, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің де мәнісі табылады. Енді «Тасбақа» тасты бірінші кезекте жергілікті, одан кейін облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу үшін жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы уақытта біз қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген бұл бірегей нысанды одан әрі дамытып, қалай сақтау керектігін жоспарлаймыз, – деді облыс әкімі Б. Исабаев.
Аймақ басшысы 3 қазанда Қызылтас жотасының бойында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экоакция өтетінін айтты.