Жетісу облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

14 қыркүйекке қараған түні Алматы-Өскемен тас жолында, Алакөл ауданы Колбай ауылына жақын маңда үш көлік соғысып қалған.
Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала деректерге сәйкес, Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt маркалы көліктерімен соғысқан.
Қайғылы апат салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын нақтылап жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, 11 қыркүйек күні Маңғыстауда да жол апаты салдарынан 10 адам көз жұмған еді. Кейінгі кезде жол апаты 3 есеге артқан. 2025 жылдың қаңтар-сәуңр айы аралығында 558 адам қаза тапқан.