Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 16 Мамыр 2025

Жетісуда ағыспен кеткен адамның денесі табылды

Жетісу
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында өзен арқылы трос арқылы өтпек болған кезде ағыспен кеткен ер адамның денесі іздестіру шаралары барысында табылды.

«15 мамыр күні аудан аумағындағы өзен түбінен жоғалған деп есептелген, зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды», -  делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Жоғалған адамның ісі бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.

«Полиция азаматтарды су айдындары маңында сақтық шараларын сақтауға және ерекше абай болуға шақырады. Іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық гвардия қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, тұрғындар мен еріктілерге алғысымызды білдіреміз», - деді облыстық полиция департаменті.

Еске салсақ, 12 мамырда Жетісу облысында трос арқылы өзенді кесіп өтпек болған ер адам қатты ағыспен ағып кеткен.

Тегтер: