Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:35

Жетісуда баласын ұрған әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді

ана мен бала
Фото: Ернар Алмабек

Жаркент қаласында төрт жасар балаға қатыгездік көрсетті деп айыпталған әйелге қатысты сот өтті.

Панфилов аудандық сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 18 қаңтарда болған. Сол күні төрт жасар бала ваннадағы суды ашық қалдырып, бөлмені су басқан. Осыдан кейін анасы баланы батареяға байлап, бірнеше рет соққы жасаған.

Аталған әрекеттердің барлығы видеоға түсіп қалған. Баланың әкесі ұлын дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның басы мен арқасынан соққы іздері мен теріасты гематомаларын тіркеген.

Тергеу барысында бейнежазба, куәгерлердің айғақтары және сот-психиатриялық сараптама қорытындысы негізінде оқиға расталды. Сараптама нәтижесі бойынша, әйелдің туа біткен ақыл-ой дамуының кемістігі бар екені және оқиға кезінде өз әрекетінің қауіптілігін толық түсіне алмағаны анықталған.

Сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Жәбірленген бала  мамандардың бақылауындағы арнайы мекемеге орналастырылды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін аталған факті бойынша тексеру дереу басталғаны хабарланған болатын.

Тегтер: