10:15, 21 Ақпан 2025
Жезқазғанда бес қабатты тұрғын үйде түнде өрт шықты

Жезқазғандағы көпқабатты үйдегі өртті 21 ақпанға қараған түні өрт сөндірушілер сөндірді.
Оқиғаның мән-жайын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жезқазған қаласы Байқоңыров көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 50 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Өрт салдарынан 1958 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды», - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Өрттің шығу себебі анықталуда, деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.