09:45, 09 Қазан 2025
Жезқазғанда жұмысшыны топырақ басып қалды

Жезқазған қаласында коммуналдық жөндеу жұмыстары кезінде тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Оқиға Железнодорожная көшесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Бектан» ЖШС-нің 50 жастағы жұмысшысы жер қазу кезінде опырылған топырақ астында қалып қойған. Қайғылы жағдай шамамен екі метр тереңдікте болған.
Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері ер адамның көз жұмғанын растады.
Бұл — өңірде соңғы күндері тіркелген екінші қайғылы жағдай. 1 қазан күні Қарағанды қаласында кәріз жүйесін жөндеу кезінде 18 жастағы жігіт пен оның 41 жастағы әріптесі де топырақ астында қалып, қаза тапқан еді.
Қазір Жезқазғандағы оқиға бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы бабы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.