20:51, 17 Қараша 2022
Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі СҚО-дағы сүт-тауар фермасына барды
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт-тауар фермасына барды.
Кандидаттың сенімді өкілі өндіріс барысымен танысып, мамандармен жүздесті.
Ал Жигули Дайрабаев пен партияластары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жүргізді. Индер ауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті агроөнеркәсіп саласын дамыту мәселелерін талқылады.
«Облыстағы жеті ауданның төртеуі ауыл шаруашылығымен айналысады. Яғни егін саласы, мал өсіреді. Бұл өңірдегі ең басты проблема – су. Жайық өзенінің деңгейі үш есе түсті», — деді «Ауыл» партиясы облыс филиалының төрағасы Қадыржан Арыстан.