Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 24 Қыркүйек 2024

Жыл басынан бері 12,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

в
Фото: gov.kz

2024 жылы 12 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,5% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,1% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден.

Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,4%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,1%-ы жалпы орта білімді, және 3,6%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 127 қандас қоныс аударды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 140,7 мың этникалық қазақ оралды.