Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 24 Маусым 2024

Жыл басынан бері 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

рр
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,4%) Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 34,4% – Өзбекстаннан, 3,2% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,2%-ды және зейнеткерлер 9,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және 5,2%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1697 қандас қоныс аударған.

Тегтер: